• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұры боксшының үйінен ақша толы сөмкелерін алып кеткен

    Бокстан IBA, WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипованың үйіне ұры түсті. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметі мәлімдеді.

    Қылмыс сәтінде үй ауласында жүрген белгісіз ер адам видеоға түсіп қалған. Алайда ол капюшон киіп алғандықтан, кім екені әлі белгісіз.

    Осыдан бір күн бұрын Фируза Шарипова Малавиядан келген Рут Чисалемен өтетін жекпе-жекке дайындалу үшін Таиландтағы оқу-жаттығу жиынына аттанған.

    Боксшының үйіне ұры түнде кіріп, жекпе-жекке дайындалуға жұмсалатын ақша салынған сөмкелерді алып кеткен.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *