• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Анна Данилина Астанадағы жарыстың жеңімпазы атанды

    Еліміздің жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Астанада өткен ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women’s» турнирінің жеңімпазы атанды.

    Анна Данилина Беларусь өкілі Ирина Шимановичпен бірге жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген еді. Бұл жұп финалда доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань мен Су Джон Чанмен бас жүлдені сарапқа салды.

    Матч аса тартысты өтті. Бірінші партияда Анна мен Ирина 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте қарсыластары есе қайырды – 7:6 (10:8). Супер тай-брейкте Анна Данилина мен Ирина Шиманович қарсыластарын 10:7 есебімен ұтты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *