• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты.

    Рыбакина турнирдің үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездесіп, оны 6:3, 7:5 есебімен ұтты.

    Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде испаниялық спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Рыбакина есе қайтарды.

    Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылып, Рыбакина 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. П.Бадоса 2 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) жасады. Енді ол 1/8 финалда әлемнің 8 ракеткасы Ресей өкілі Дарья Касаткина немесе рейтингте 66-орындағы тағы бір Ресей өкілі Варвара Грачевамен кездеседі.

    Еске сала кетсек, Бадоса осы турнирді 2021 жылы жеңген болатын. Ал биылғы турнирдің жүлде қоры — 8,8 млн АҚШ доллары.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *