• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан көкпардан халықаралық ойында жеңіске жетті

    Өзбекстанның Сұрхандария облысының Термез ауданында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Бұл туралы uza.uz хабарлады.

    Өзбекстан Республикасы президентінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Сұрхандария облысында қарабайыр тұқымды жылқыларды өсіру және насихаттау сонымен қатар, ат спортын одан әрі дамыту шаралары туралы» шешімін іске асыру аясында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды.

    Жеңімпаз командаға 100 млн сум сыйақы берілді.

    Екінші орынды Қырғызстан командасы иеленсе (75 млн сум), Өзбекстанның Қарабайыр жылқы өнері мектебінің командасына үшінші орынды (50 млн сум) қанағат тұтты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *