• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Мария Дмитриенко стенд атудан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

    Бүгін стенд атудан Катардың астанасы — Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде ұлттық құраманың спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

    Ол трап жаттығуында финалға шықты. Финалда Дмитриенкодан басқа төрт адамда  жолдама болғандықтан, оның қорытынды нәтижесіне қарамастан отандасымыз бен тағы бір шетел мергені  лицензияға ие болды.

    Мария Дмитриенко осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген еді.

    Былтыр ол Бакудағы әлем чемпионатында аралас жұптық сында Даниил Почиваловпен бірге қола жүлдегер атанды.

    Қазір Қазақстан қоржынында Олимпиялық ойындардың 47 лицензиясы бар.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *