• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы жансақтау бөлімінде жатыр

    Алматының «Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев Қазақстан премьер-лигасы матчында «Ақтөбемен» болған ойында ауыр жарақат алып қалды.

    Бұл жайт Қазақстан премьер-лигасы матчының 9-кезеңінде болған. Буранчиев «Ақтөбе» футбол клубының шабуылдаушысы Элдер Сантанамен соқтығысып, есінен танып қалған. Қазір оған ота жасалды.

    Арсен Буранчиевке ота жасалды. Біздің ойыншы доп үшін таласта ауыр жарақат алып, шұғыл ауруханаға жеткізілді. Қазір Арсен жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Футболшы дәрігерлердің қатаң бақылауында, – делінген алматылық клубтың мәлімдемесінде.

    Ойын аяқталғаннан кейін «Қайраттың» бапкері Кирилл Кекер бұл жеңістің жарақат алған ойыншыға арналатынын айтты.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *