• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дзюдо: Сұңғат Жұбатқан турнирде қола жүлдегер атанды

    Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтіп жатыр. Ұлттық құрама спортшысы Сұңғат Жұбатқан 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

    Ол алғашқы белдесуінде Израиль дзюдошысын, екінші айналымда тәжікстандық Нұрали Эмомалиді ұтты. Алайда ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді. Одан кейін жұбаныш белдесуінде Ұлыбритания балуанын жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Бұл белдесуде ол испаниялық Адриан Нето Чинарроны жеңді.

    Бұл — ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы медалі.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *