• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Таэквондодан ӘЧ: ұлттық құрама жартылай финалға шыға алмай жатыр (ФОТО)

    Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан таеквондодан XXVI әлем чемпионының бесінші жарыс күні өтіп жатыр. Жарыс жолына ұлттық құрама сапынан Рита Бакишева (46 кг) мен Жавохирхон Исламов (54 кг) шықты, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Рита Бакишева ширек финалға дейін сүрінбей жетіп, жүлдеге бір табан қалғанда қазіргі әлем чемпионы, 2021 жылғы Еуропа чемпионы Лина Стойковичке жол берді. Аса тартысты өткен айқастың алғашқы раундында отандасымыз бірнеше рет дәл соққы жасап, басым түсті. Алайда 21 жастағы хорватиялық таразы басын теңестіріп, шешуші раундта ұтып кетті. Рита 1/8 айналымында австралиялық Джульет Дахудты, оның алдында испаниялық Лаура Кортегосо Лиманы айқын басымдықпен жеңген.

    Жавохирхон Исламов Бурундиден келген Бенумугиша Гай Калебті ұтып, чемпионатты жеңіспен бастаған. Алайда екінші айналымда Германия құрамасының өкілі Халед Абдель Халимнен жеңілуге мәжбүр болды.

    Ертең даянг төрінде Назым Махмұтова (62 кг) мен Нұрқанат Қожахметов (74 кг) бағын сынап көреді.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *