• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еркін күрес шеберлері турнирде 1 күміс, 4 қола медаль алды

    Қырғызстанның Бішкек қаласында Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир аяқталды. Турнирдің соңғы күні еркін күрестен ұлттық құрама 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

    Сырбаз Талғат (70 кг) аса тартысты финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке есе жіберді. Есеп: 3-2. Ал Мейрамбек Қартбай (57 кг), Жігер Закиров (79 кг), Азамат Дəулетбеков (86 кг) қола жүлдеге ие болды.

    Осының алдында еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақта Нұрсұлтан Азов қола алған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *