• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ерасыл Қажыбаев Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

    Дзюдодан Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласында өтіп жатқан  Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының қордынына тағы бір қола медаль түсті. 

    Турнирде 100 келіден аса салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерасыл Қажыбаев үшінші орын үшін белдесуде Польша өкілі Каспер Сзуровскиден басым түсті.

    Бұған дейін ұлттық құрама команданың балуаны Сұңғат Жұбатқан 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

    Ол алғашқы белдесуінде Израиль дзюдошысын, екінші айналымда тәжікстандық Нұрали Эмомалиді ұтып, ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді. Одан кейін жұбаныш белдесуінде әуелі Ұлыбритания балуанынын, сосын испаниялық Адриан Нето Чинарроны жеңді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *