• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасын сегіз медальмен аяқтады

    Қазақстан құрамасы Сенегалдың Дакар қаласында өткен IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтады. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз екі алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта Фатима Сұпығалиева, ал тасжолдағы велоспорттан жекелей уақытқа жарыста Әнел Тәшбай Олимпиада чемпионы атанды. Боксшылар Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) мен Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) Қазақстан қоржынына күміс медаль ...

    Read More »

    Жасөспірімдер Олимпиадасы: Айбар Қайым күміс жүлдегер атанды

    Семсерлесуші Айбар Қайым Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында бақ сынады. Отандасымыз сабля бәсекесінің финалында түркиялық Жандениз Берракпен кездесіп, одан 15:6 есебімен жеңілді. Ал Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады. Қазақстан құрамасының қоржынында сегіз медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 кг) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль алса, боксшылар Бибарыс Әшірбай (70 кг) мен Ақнұр Тұрсынғали ...

    Read More »

    Бибарыс Әшірбай – жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдесін алды

    Боксшы Бибарыс Әшірбай Сенегалдың астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер 4:1 есебімен британдық боксшының басымдығын мойындады. Осылайша, Бибарыс Әшірбай Олимпиада ойындарын екінші орынмен аяқтады. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 ...

    Read More »

    Ақнұр Тұрсынғали — жасөспірімдер Олимпиадасының күміс медалисі

    Боксшы Ақнұр Тұрсынғали Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Сара Кампоспен жұдырықтасты. Алғашқы раундта Ақнұр Тұрсынғали басым түсті. Дегенмен бразилиялық боксшы екінші және үшінші раундтарда тізгінді өз қолына алып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады. Ұлттық құраманың еншісінде алты медаль бар. Бұған дейін дзюдошы ...

    Read More »

    Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдегер атанды

    Боксшы Марал Төлепберген Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп қалды. Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Өзбекстанның өкілі Сабрина Чакомановамен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша Марал Төлепберген Олимпиада ойындарын үшінші орынмен аяқтады. Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 кг) мен Бибарыс Әшірбай (70 кг) финалға шыққан ...

    Read More »

    Любовь Юн — жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері

    Қазақстан құрамасының өкілі Любовь Юн Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды. Ол 63 келіден аса салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жартылай финалда Лбюовь Юн Сербия өкілі Эма Зечировичпен жекпе-жекке шығып, одан 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші раундта Любовь Юн 4:18 есебімен, екінші раундта 4:14 есебімен жол берді. Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген қос ...

    Read More »

    Цифрлық дәуірдегі адам мен технология

    Осыдан бірнеше онжылдық бұрын ғылыми қиял-ғажайып фильмдерде кездесетін механизмдер, рөлсіз қозғалатын көліктер және адам санасымен қатар ойлайтын жүйелер тек алыс болашақтың еншісіндегі дүниедей көрінетін. Алайда қазіргі заманда сол озық инновациялар қалтамыздағы гаджеттен бастап, әрбір жұмыс орнына дейін берік орнықты. Бүгінгі цифрлық алгоритмдердің мүмкіндігі таңғалдырма қоймайды: олар өте қысқа уақытта орасан зор деректерді өңдеп, қажетті ақпаратты лезде алдымызға тосады. Өмірдің барлық ...

    Read More »

    Қазақстан кәсіпқой футзал лигасы өз жобаларын таныстырды

    Қазақстан кәсіпқой футзал лигасы футзалды дамыту стратегиясын, ресми серіктестері 1xBet пен Joma-ны, сондай-ақ швейцариялық Blocksport компаниясымен бірлесіп әзірлеп жатқан өз сайты мен мобильді қосымшасын таныстырды, деп хабарлады Қазақстан кәсіпқой футзал лигасының баспасөз қызметі. Қазақстан кәсіпқой футзал лигасы (ҚКФЛ) алғаш рет өз қызметін көпшілік алдында таныстырды. Кездесуде Лига басшылығы 2026/2027 жылғы футзал маусымының алғашқы нәтижелері туралы баяндады. Чемпионатта алғаш рет Video Support ...

    Read More »

    Таеквондодан Қазақстан чемпиондары анықталды

    Алматыда ересектер арасында таеквондодан Қазақстан чемпионаты (WT) аяқталды. Дүрмекті додада 16 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Ерлер 54 кг: Еркебұлан Еңсегенов (Алматы қаласы) Нұрасыл Сағындық (Түркістан облысы) Мағжан Отарғали (Алматы облысы), Баходир Шапулатов (Шымкент қаласы) 58 кг: Нұрали Махмұт (Алматы қаласы) Марғұлан Маратұлы (Алматы облысы) Жавохир Исламов (Шымкент қаласы), Санжар Исмаил (Алматы қаласы) 63 кг: Мұхаммедали Махмұт (Алматы ...

    Read More »

    Велошабандоз Әнел Тәшбай Олимпиадада топ жарды

    Сенегалдың Дакар қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Олимпиадада тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Тәшбай жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жекелей уақытта қашықтықты 11 минут 32.57 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жетті. Екінші орын Словакияның спортшысы Каролина Гайдуковаға бұйырды. Мәре сызығын 11 минут 37.62 секундтта кесіп, күміс жүлде алды. Ал ресейлік Ангелина Новолодская 11 минут 43.65 секунд нәтижемен үшінші орынға ...

    Read More »