• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Президент бокстан әлем чемпиондарымен кездесті

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен жаттықтырушыларымен және әлем чемпиондарымен кездесті, деп хабарлады Ақорда. Кездесуге Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен бокстан әлем чемпионы атанған спортшылар – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және күміс медаль иегері Дулат Бекбауов қатысты. Мемлекет басшысы спортшыларды жарқын жеңісімен құттықтады. Әлем чемпионатында 4 алтын, 1 күміс медаль алу – зор жетістік. Қазақ жігіттері ...

    Read More »

    Рыбакина бастаған теннисшілер Ролан Гаррос турниріне қатысады

    22 мамырда Парижде биылғы екінші «Үлкен дулыға» жарысы – Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайыстары басталады. Іріктеу кезеңінде Қазақстаннан Тимофей Скатов бақ сынайды. Негізгі турнирге Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик бірден жолдама алды. Әлемнің 6-ракеткасы Еленаның рейтингісі жоғары, сондықтан жеребе қолайлы болмақ. Жұптық сында Андрей Голубев, Анна Данилина, Александр Недовесов, сондай-ақ Бублик, Путинцева және Рыбакина өнер көрсетуі тиіс. ...

    Read More »

    Олимпиада чемпионы болуға тырысамын — Санжар Тәшкенбай

    Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай елге келісімен Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Олимпиада чемпионы болуға тырысатынын, соған талпынатынын айтты. Осы сәтті көп күттік. Жеңіске жету — әр спортшының арманы. Атап айтқанда, Ташкентте жанкүйер ретінде келген қазақтар көп болды. Шаршы алаңда тұрғанда, жаттықтырушылардың емес, көрермендердің дауысы басым шықты. Жалпы, жекпе-жекті тамашалауға келген адамдардың қолдауын күшті сезіндік. Осы орайда олардың баршасына алғысымды ...

    Read More »

    Ауыр атлеттер Азия чемпионатында төрт алтын жүлде жеңіп алды

    Оңтүстік Кореяның  Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл құрлықтық додаға Қазақстаннан 20 спортшы қатысып, төрт алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды.   Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальды  Нұрғиса Әділетұлы сыйлады. Ол 102 келіге дейінгі салмақта 400 (181+219) келіні басынан асырды. Жұлқи көтеруде күміс, серпе көтеруде және жалпы жаттығуларда алтын жеңіп алды. 109 ...

    Read More »

    Өзбекстанда қазақ боксшысын «Мен қазақпын» әнімен қарсы алды (ВИДЕО)

    Өзбекстанда бокстан ерексектер арасында өткен әлем чемпионатына осы елдің атынан қатысқан этникалық қазақ спортшысы Руслан Абдуллаевты туған-туыстары өзбек елінің туымен келгенде Қазақстанның белгілі әнші Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» атты әнімен қарсы алған. Руслан Абдуллаев 20 жаста. Ол биылғы әлем чемпионатының финалында моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсухпен кездесіп, әділ қазылар алқасының бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Руслан Абдуллаев Ташкент облысы Кыбырай ...

    Read More »

    16 жастағы қазақ қызы қытайлық әлем чемпионын ұтты

    16 жастағы шахматшы Алуа Нұрманова Pro Chess League финалында қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюнді ұтты. Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, Алуамен бір командада гроссмейстерлер Хикару Накамура, Владимир Федосеев және Шамсиддин Вохидов өнер көрсетті. Pro Chess League (PCL) — жүлде қоры 150 000 АҚШ доллары болатын шахмат лигасы. Ол 1 ақпаннан 15 мамырға дейін өтті. Лиганың негізгі кезеңінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ...

    Read More »

    Рыбакинаның әлемдік рейтингідегі орны шарықтап кетті

    Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік 5 теннисшінің қатарына енді. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде Е.Рыбакина алтыншы орыннан бесінші орынға көтеріледі. Бұл — Қазақстан теннисі тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде Рыбакина америкалық Кори Гауфты басып озды. К.Гауфф Рим мастерс турнирінде үшінші айналымнан аса алмаған еді. Сол себепті ол ұпайларын жоғалтып, алтыншы ...

    Read More »

    Астанада бокстан бұрымдылардың әлем чемпионаты өтеді

    2024 жылы Астанада әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы IBA президенті Умар Кремлев айтты, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. Мен Қазақстан сияқты мықты бокс шеберлері бар жерде IBA ірі турнирінің өтетініне қуаныштымын. Бұл жарыс 2016 жылы Астанада өткен, — деді Умар Кремлев Ташкентте өткен Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) директорлар кеңесінде. Сондай-ақ ол жарыстың жүлде қоры екі есе өскенін атап ...

    Read More »

    «Ертіс» футбол клубы қайта құрылуы мүмкін

    Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Ертіс» футбол клубын қайта құру мәселесін көтерді. Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасына жазды. Бүгінде біз «Ертіс» ФК-ның болашағына қатысты 2 жолды көріп отырмыз. Біріншіден, 3,1 млрд теңге қарызы бар әрі банкроттық рәсімінен өтіп жатқан клубты оңалту.  Екіншіден, FIFA ережелері бойынша «Ертіс» ФК-мен аттас жаңа клуб құру. Оның ішінде ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы алдындағы 846 млн теңге ...

    Read More »

    Мырзағали Айтжановты атақты кубалық жаттықтырушы Сагарраға ұқсатамын – Болат Жұмаділов

    Бокстан Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері, әлем чемпионы Болат Жұмаділов Өзбекстанда аяқталған әлемдік додада ұлттық құраманың жекпе-жектеріне баға берді. – Болат Нұретдинұлы, әлем чемпионатында боксшылардың жекпе-жектері көңіліңізден шықты ма? – Бәрі жақсы, керемет болды. Қазақ боксшылары техниканы көрсетті. Жекпе-жектерде жігіттер бәрін жақсы істеді. Қарсы шабуыл, қарсыласына жақындап, соққы беру бәрі болды. Шаршы алаңда ойнап жүріп бокстасты. Боксшылардың дайындығы жақсы екен. Мырзағали Құланұлын ...

    Read More »