Францияның Сен-Мор қаласында семсерлесуден өткен Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы үшінші орынға ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.
Қола медаль үшін айқаста ұлттық құрама Израиль командасын 45:29 есебімен ұтты. Команда сапында Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертайдың квартеті сынға түсті.
Бұдан басқа жекелей сында ел намысын Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр Федотов қорғады.
Бұл кезеңге барлығы 31 мемлекеттен 309 семсерлесу шебері қатысты.