• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Elorda Cup: әйелдер боксынан жеті спортшымыз финалға шықты (ВИДЕО)

    Бокстан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде финалға шыққан спортшылар анықталды.

    Қазақстан сапындағы 52 келіде Жазира Орақбаева, Әнел Сақыш (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Милана Сафронова (66 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) мен 60 келі салмақтағы Виктория Графеева қарсыластарын жеңіп, финалға шықты.

    Енді финалда Виктория Графеева жартылай финалда Әсем Таңатарды жеңген үнді боксшысы Маниша Манишамен кездеседі.

    54 келі салмақта Әнел Сақыш Дина Жоламанды жеңді. 57 келіде  де отандастарымыз қолғап түйістірді. Бұл салмақта Париж Олимпиадасына қатысатын Карина Ибрагимова Виктория Байдуковадан басым түсті.

    Басқа жеңіл салмақтағы спортшыларымыз жеңілді. Атап айтқанда, 48 келіде Гүлназ Бурибаева Үндістанның өкілі Минакши Минакшиге, Әйгерім Сәттібаева өзбектсандық Сайдахон Рахмоноваға, 50 кг салмақта Гүлнар Тұрапбай үнді Анамика Анамикаға, 52 келіде Томирис Мырзақұл да тағы бір Үндістанның боксшысы Нихат Заринге есе жіберсе, Сәния Сұлтанқызы (54 кг) қытайлық Юан Чангтен жеңілді.

    Турнирде қола жүлдегер болғандардың бірі – Әйгерім Сәттібаева белгілі боксшы Олжас Сәттібаевтың зайыбы, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлының келіні.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *