• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazsports.kz

    Қазақстан индорхоккейден  Азия кубогының күміс жүлдегері атанды

    Индорхоккейден әйелдер арасында Таиландтың Чонбури қаласында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан құрамасы күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы.

    Ұлттық құрама финалда алаң иесі – Таиландтың командасынан 2:6 есебімен жеңілді.

    Жабық ғимараттағы көгалдағы хоккейді индорхоккей  деп атайды.  Биылғы Азия кубогында спорттың осы түрінен әйелдер құрамасы топтық кезеңде А тобында сынға түсті.

    Жарыста құрама команда Вьетнамды 28:0, Малайзияны 5:1, Оманды 8:0, Иранды 5:1 есебімен жеңді.

    Одан кейін жартылай финалда Индонезиямен негізгі уақытта  3:3 есебімен тең түсіп, буллитте жеңіске жетті. Осылайша финалға жолдама алған еді.

    Азия кубогында үшінші орынды Малайзия командасы жеңіп алды. Олар қола жүлде үшін ойында Индонезиядан 4:0 есебімен айласын асырды.

    Енді 21-25 мамыр аралығында Талдықорған қаласында ерлер арасында Азия кубогының жалауы көтеріледі.

    Индорхоккейден еліміздің әйелдер құрамасы 2010, 2012, 2014, 2015, 2017, 2019 жылдарда алты мәрте чемпион атанса, 2009, 2024 жылдарда күміс медальді қанағат тұтты.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *