• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс федерациясы

    Elorda Cup: 14 боксшымыз жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Астанада бокстан 12 мамырда басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті.

    Жарыста 24 салмақта жеңімпаз анықталып, 8 боксшы былтырғы жеңімпаз атағын қорғап қалды.

    Олар: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг),  Хавасбек Асадуллаев (71 кг, Өзбекстан), Тоқтарбек Таңатқан (80 кг, Қытай), Сағындық Тоғамбай (92 кг),  Ю Ву (50 кг, Қытай, былтыр басқа салмақта топ жарған), Виктория Графеева (60 кг, былтыр басқа салмақта жеңімпаз болған), Гиан Ли (Қытай).

    Турнирде ерлер арасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте  9 алтын, 8 күміс, 14 қола жүлде алып, бірінші орынға шықты. Екінші орынға 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен Өзбекстан боксшылары, 1 алтын мен 1 күміс жүлдемен Қытай спортшылары үшінші орынды иеленді.

    Әйелдер арасында бірінші орынға 5 алтын, 5 күміс, 11 қола медальмен Қазақстан, екінші орынға4 алтын, 1 қола жүлдемен Қытай, үшінші орынға 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен Үндістан командасы ие болды.

    Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 кг), Карим Серкебаев (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Нұрбек Мурсал (67 кг), Тимур Нұрсейітов (75 кг), Нұрбек Оралбай (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев жеңімпаз атанды.

    Әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Мәдина Нұрышева (70 кг) мен 81 келіден ауыр салмақта Елдана Талипова алтын медальді жеңіп алды.

    Қамшыбек Қоңқабаев пен 54 келідегі Юан Чанг (Қытай) турнирдің ең үздік боксшысы болды.

    Турнирде 155 жекпе-жек өткізіліп, 13 айқас техникалық нокаутпен аяқталды. 4 кездесуде нокаут тіркелді.

    11 жекпе-жекте қарсылас рингке шықпады. Нәтижесінде Сәкен Бибосынов, Карим Серкебаев, Махмұд  Сабырхан, Қамшыбек Қоңқабаев финалда айқаспай жеңіпаз атанды.

    Олимпиада жолдамасының иегерлері Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай жаңа салмақта шаршы алаңға шықты.

    10 әлем чемпионы және 20-ға жуық Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері жүлдеге таласты.

    71 кг салмақта Өзбекстан сапынан ауысқан Аман Қонысбеков бірінші рет Қазақстан туы астында жұдырықтасты.

    Жарыста бірінші орынға  700 доллар, екінші орынға 400 доллар, үшінші орынға 200 доллар сыйақы берілді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *