Польшада велоспорттан өткен Orlen Nations Grand Prix көпкүндігінің бесінші кезеңінде ұлттық құраманың спортшысы Илхан Достиев мәреге бесінші болып келді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.
Илхан Достиев Леско мен Арламув қонақ үйі арасындағы 148 шақырымды 3 сағат, 38:15 секундта жүріп өтті. Одан кейін Арно Валленборн (3:38:18) мен Емиел Верстринж (3:38:19) жетті.
21 жастағы отандасымыз жалпы есепте 7️-сатыда қалды.
Бұл халықаралық турнир 23 жасқа велошабандоздар үшін Ұлттар кубогының бір бөлігі болып саналады. Жалпы 5 күнге созылған бәсекеде 22 елден 117 спортшы бақ сынады.