Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы Олимпиада жолдама беретін соңғы іріктеу турниріне аттанды.
Бұл турнир 24 мамыр мен 2 маусым аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтеді.
Оған ерлер командасынан 1, әйелдер құрамасынан 4 боксшы квотаға таласады.
Ерлер арасында 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады.
Әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 кг), Ұлжан Сәрсенбек (54 кг), Наталья Богданова (66 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) Олимпиадаға лицензия алуға тырысады.
Бұған дейін бокстан Олимпиада жолдамалары Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындары мен Италиядағы іріктеу сынында үлестірілген болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА