• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан хоккей федерациясы

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы элитадағы орнын сақтап қалды

    Хоккейден Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Польша командасымен топтағы соңғы матчын ойнады.

    В тобындағы соңғы матч әлем чемпионатының элитасында қалатын команданы анықтады.

    Бұл ойында еліміздің ұлттық құрамасы турнир кестесінің ең соңында келе жатқан Польша құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

    Қазақстан сапынан Никита Михайлис (13-минут), Валерий Орехов (51) пен Роман Старченко (55) бір-бір шайбаны қақпаның торына тоғытты.  Қарсылас сапынан Камиль Валега (10) бір шайба соқты.

    Чемпионатта 6 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы элиталық дизивиондағы орнын сақтап қалды. Ал турнир кестесінің ең соңында қалған Польша элита дивизионымен қоштасты.

    Қазақстан командасын Ғалым Мәмбетәлиев жаттықтырады. Ұлттық құрама элиталық дивизионға 2019 жылы оралған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *