• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: arshat

    Александр Касачев «Жетісу бөрісі» атанды

    Талдықорғанда «Жетісу бөрісі» турнирі өтті. Дүбірлі додада Александр Касачев бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпазға су жаңа «Лада Гранта» автокөлігі сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сайысқа 38 саңлақ қатысты. Олар осыған дейін Алматы облысының аудан-қалаларындағы іріктеу турнирлерінде топ жарған және екінші орын иеленген балуандар. Ақтық сында жолындағыларды жапыра жеңген, Талдықорған атынан кілемге шығып отырған балуандар — Ұлан Рысқұл пен Александр ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан кубогы үшін 1/8 финалының кездесулері өтті

    Күтпеген нәтиже Талдықорғанда тіркелді. Онда бірінші лигада ойнайтын «Жетісу» командасы өткен жылғы ел чемпионы әрі кубоктың иегері «Астананы» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 10-минутта есепті елордалық Абзал Бейсебеков ашқанымен, кездесу соңына таман алаң иелері әбжілдік көрсетті. 75-минутта Олег Хромцов таразы басын теңестірсе, 87-минутта Алексей Шакин жеңіс голын соқты. Сөйтіп қазақстандық маман Дмитрий Огайдың шәкірттері ешкімнен де қаймықпайтындықтарын танытты. Дегенмен бұл ...

    Read More »

    Хоккейден Қазақстан құрамасы италиялықтарды жеңді

    Әлем чемпионатына дайындық барысындағы шешуші матчта қазақстандық құрама италиялықтарды жеңді, деп хабарлайды Sports.kz. Италия — Қазақстан 1:3 (1:1, 0:2, 0:0) Шайбалар: 1:0 — 14:59 Траверса (Андергассен, Мильиоранци). Теңдей 1:1 — 19:21 Михайлис (Липин, Сен-Пьер). Теңдей 1:2 — 20:43 Михайлис (Сен-Пьер, Пушкарёв). Теңдей 1:3 — 37:25 Доус (Даллмэн). Басымдықта Қақпашылар: Бернард — Колесник.  http://www.inform.kz/kz/hokkeyden-kazakstan-kuramasy-italiyalyktardy-zhendi_a3018836

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Қазақстан велошабандоздары 13-орында

     Велоспорттың трек түрінен Гонконгте өткен әлем чемпионатында Қазақстан жалпы есепте 13-орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған додаға жалпы саны 41 елден 344 велошабандоз қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы атынан Роберт Гайнеев, Артем Захаров, Сұлтанмұрат Мірәлиев және Никита Панасенко қатысқан болатын. Велотректің «скрэтч» түріне қатысқан Роберт Гайнеев 16-шы болып мәреге жетсе, «омниумда» Сұлтанмұрат Мірәлиев бақ сынап, 8-орынға тұрақтады. Осылайша, жалпы қорытынды ...

    Read More »

    «Арландардың» Қытайдағы айқасы тікелей эфирде көрсетіледі

    Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсетіп келе жатқан елордалық «Астана арландарының» кезекті «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізетін айқастарын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу 21 сәуір күні Қытайдың Санья қаласында өтеді. Бұл «Астана Арландарының» топтық кезеңіндегі соңғы айқасы. Бокс кешінің басталуы Астана уақытымен сағат 17:30-да. Естеріңізге сала кетейік, бұл сында «арландар» сапынан 52 кило салмақта Анвар Мұзаппаров, ...

    Read More »

    Бір маусымда екі лигада чемпион болған қазақ қызы

    Волейболдан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатының 2016/17 жылдардағы маусымы тәмамдалды. Түрік маманы Жанболат Бурхан жаттықтырған Өскеменнің «Алтай» волейбол клубы екінші жыл қатарынан ұлттық лиганы ұтып алды. Команда капитаны Инна Матвеева бастаған, тісқаққан Сана Анарқұлова, Әлия Садықова, Кристина Аниконова, Инна Герман, нәтижелі шабуылшы, кубалық Юнеска Роблес Батиста, бразилиялық байланыстырушы Сабрина Кариока сияқты жанкүйерлерге етене таныс ойыншылардан бөлек, бұл тізімдегі 18 жастағы байланыстырушы ...

    Read More »

    Kazsport хоккейден әлем чемпионатын көрсетеді

    I дивизиондағы шайбалы хоккейден 2017 жылғы  әлем чемпионаты 22-28 сәуір күндері Киевте  (Украина) және 23-29 сәуір күндері Белфаст (Ұлыбритания) қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы А тобында өнер көрсетеді.  Эдуард Занковец шәкірттері Австрия, Польша, Оңтүстік Корея, Венгрия мен Украина құрамаларымен мұзайдында кездеседі. Үздік екі ұжым ТОП-дивизионға жолдама алады.  «Kazsport» телеарнасы бұл чемпионат аясындағы Қазақстан құрамасының барлық ойындарын тікелей эфирде көрсетеді. Кездесулер кестесі: ...

    Read More »

    Головкин WBN P4P рейтингінде өз орнын сақтап қалды

    Британдық Worldboxingnews.net сайты салмақ санатынан тыс (pound-for-pound) ТОП-50 боксшының жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: Андре Уорд көш бастап тұр, екінші орында — Мэнни Пакьяо, үшінші жолда Геннадий Головкин тұр. Алтыншы позицияда болған Василий Ломаченко төртінші орынға көтеріліп, Роман Гонсалесті төмен сырғытты.

    Read More »

    Шүменов-Дортикос жекпе-жегі болмайды

    WBA (Regular) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің WBA нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жегі қазақстандық былғары қолғап шеберінің жарақатына байланысты өткізілмейтін болды. Бұл туралы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетуі керек болған «Kazsport» телеарнасына Бейбіт Шүменовтің менеджері хабарлады. Еске сала кетейік, бірінші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулына арналған жекпе-жек 30 сәуірге жоспарланған ...

    Read More »

    Үздіктердің тобында

    Тарихта алғаш рет Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан жастар құрамасы Бангкокта өткен әлемдік чемпионатта үшінші орынды иеленіп, 2018 жылы өтетін жастар арасындағы Олимпиадалық ойындарға өзіне максималды лицензиялар санын қамтамасыз етті. Біздің топтың қоржынында 6 медаль бар, оның ішінде үш «алтын», бір «күміс» және екі «қола». Жалпыкомандалық есеп: ер балалар 1 орын: Қытай 2 орын: Иран 3 орын: Қазақстан 4 орын: Ресей ...

    Read More »