• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: ақпан 2018

    Алматыда студенттер каратэ-додан күш сынасты

    «Алматы Арена» спорт сарайында жастар мен жасөспірімдер арасында кекушинкай каратэ-додан  Қазақстан  Республикасының ашық чемпионаты болып өтті.  Қазақтың Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр өңірінен  500-ге тарта спортшылар қатысып, жеңіс үшін жан аямай бар шеберіктерін көрсетті.  Алматылықтар осындай аламан жарысты хан сарайындай соғылған  су жаңа «Алматы Арена» төрінде тамашалауды көптен бері сағынып қалса керек. ...

    Read More »

    Жеңіл атлеттер әлем чемпионатына бара жатыр

    Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі  әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер толығымен анықталды. Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 1-4 наурыз аралығында өтетін әлем чемпионатының нормативін орындау уақыты аяқталды. Жабық кешендегі жарысқа қатысу жазғы әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарынан да қиын. Өйткені, мұнда нормативтің көрсеткіштері өте жоғары болу керек. Биылғы әлем чемпионаты Ұлыбританияның Бирмингем қаласында болады. Осы сында ...

    Read More »

    Алматыда қазақ күресі клубы ашылды

    Алматыда жастар мен жасөспірімдерге арналған қазақ күресі клубы ашылды. Қамқорлық пен қолдау болған жерде сол істің берекесі болары хақ. Қазіргі кезде Алматы қаласында қазақ күресіне деген көзқарас ерекше. Соңғы жылдары қала бойынша ұлттық күресімізге арналған спорт клубтары біртіндеп көбейіп  келеді. Соның барлығы қазақ күресіне көсқарастың жақсара түскенінің айғағы. Бүгінгі таңда төл спортымыздың даму қарқынын көре отырып, көңілді қуаныш кернейді. Төл ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында бірінші орын алды

    Иранның астанасы Теһран қаласында жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты өтті. Қазақстан атлеттері 7 алтын, 4 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Азия чемпионатының соңғы күнінде 4х400 метрлік эстафетадан қыздар алтын алса, жігіттер Катарды алға жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Любовь Никитенко эстафета ...

    Read More »

    Қазақстанның бес атлеті Азия чемпионы атанды

    Иранның астанасы Теһран қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қыздарымыз 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Иран Ислам Республикасының заңына сәйкес, әйелдер ерлерден бөлек жеке сайысқа түсуі қажет. Сондықтан таңертеңнен түске дейін әйелдер, одан кейін ерлер арасындағы жарыстар өтіп жатыр. Бүгін, 2 ...

    Read More »

    Қазақстан атлеттері алғашқы күні екі алтын жүлде иеленді

    Иранның астанасы Теһран қаласында өтіп жатқан VIII жабық кешендегі Азия чемпионатының бірінші күні Қазақтанның жеңіл атлеттері 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 1 ақпан күні таңертеңгі бағдарламада тек қыздар өнер көрсетті. 3000 метрге жүгіруден қостанайлық Татьяна Нерознак қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Ол 3 шақырымды 9 минут 33.65 секундта жүгіріп ...

    Read More »