• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жеңіл атлеттер әлем чемпионатына бара жатыр

    Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі  әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер толығымен анықталды. Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

    1-4 наурыз аралығында өтетін әлем чемпионатының нормативін орындау уақыты аяқталды.

    Жабық кешендегі жарысқа қатысу жазғы әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарынан да қиын. Өйткені, мұнда нормативтің көрсеткіштері өте жоғары болу керек.

    Биылғы әлем чемпионаты Ұлыбританияның Бирмингем қаласында болады. Осы сында Қазақстан 400 метрге жүгіретіндерге сенім артып отыр.

    Ерлерден ел намысын жалғыз Михаил Литвин қорғайды. Ол 2017 жылы Ашғабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарында қола медаль жеңіп алып әрі өзінің жеке рекордын жаңартқан – 46.51 секунд. Әлем чемпионатының нормативі –  46.70.

    Әйелдерден жекелей сында екі спортшы қатысатын болды. Олар – Элина Михина мен Светлана Голендова.

    16 ақпан күні Өскеменде өткен Қазақстан кубогының екінші кезеңінде 400 метрге жарысқан Михина мен Голендова әлем чемпионатының нормативін орындаған болатын. Алғашқысы мәреге 52.53 секундта жетіп, Қазақстанның жабық кешендегі рекордын жаңартты. Светлананың уақыт көрсеткіші – 52.76.

    Айта кетейік, әйелдер арасында 400 метрдің нормативі – 53.15 секунд.

    Әлем чемпионатында сондай-ақ, командалық эстфетадан 4х400 метрге жүгіретін қыздар құрамасы өнер көрсетеді. Ұлттық құраманың бапкерлер штабы эстафетада – Элина Михина, Светлана Голендова, Аделина Ахметова, Любоьв Ушаковаға сенім артып отыр.

    Жоғарыда аталған спортшылардан бөлек, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың да қатысуына болар еді. Бірақ еліміздегі ең титулды жеңіл атлет қысқы маусымдағы жарыстардан демалып, жазғы Азия ойындары мен «Гауһар лига» сайыстарына дайындалатынын айтты.

    Чемпионатта ерлер мен әйелдер арасындағы 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *