• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия чемпионаты

    Көркем гимнастикадан АЧ: Қазақстан командалық есепте екінші орын алды (ФОТО)

    Өзбекстанның астанасы — Ташкент қаласында көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Сары құрлық додасының соңғы күні жекелей және топтық жаттығулар бойынша финал болып, Қазақстан құрамасы 321.60 ұпаймен екінші орынды иеленді. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды  329.45 ұпаймен Өзбекстан гимнасшылары алса, үшінші орынды 316.85 ұпай жинаған Жапония спортшылары қанағат тұтты. Жекелей сында Елжаңа ...

    Read More »

    Гимнасшы Айбота Ертайқызы да Азия чемпионы атағын алды

    Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының спортшысы Айбота Ертайқызы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. Ол таспамен жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алды. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады. Күміс медальді өзбекстандық Тахмина Икромова, қола жүлдені жапониялық Рейна Мацусака иеленді. Бұған дейін Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль алды. Бүгін сондай-ақ, Елжаңа Таниева екінші рет Азия чемпионы ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан АЧ: Елжаңа Таниева тағы да чемпион атанды

    Көркем гимнастикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Елжаңа Таниева тағы бір алтын жүлдені жеңіп алды. Ол шығыршықпен жаттығудан Азия чемпионы атанды. Бұл жаттығуда спортшы 33,90 ұпай жинады. Ал күміс медальді жапониялық Рейна Мацусака, қола жүлдені Айбота Ертайқызы иеленді. Кеше Елжаңа Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Олимпиялық ойындарға жолдама алған еді.  Сонымен бірге бүгін Қазақстан ересектер құрамасы 5 шығыршықпен ...

    Read More »

    Көркем гимнастика: Қазақстан Азия чемпионы атанды

    Өзбекстанның астанасы — Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы үш медаль қоржынға түсті, деп хабарлады olympic.kz. Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал еліміздің жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға ие болды. Еске сала кетсек, кешегі жарыс күнінде Елжаңа Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан АЧ: Қазақстан қола жүлдегер атанды

    Көркем гимнастикадан Өзбекстанның астанасы — Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады olympic.kz. Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Құраманың спортшылары бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. Қазақстан командасы 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпайға ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан АЧ: Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы финалға шықты (ВИДЕО)

    Өзбекстанның Ташкент қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында  Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы екі жаттығуда финалға шықты, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Бұл додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр. Іріктеудің алғашқы күні сынға түскен отандасымыз Елжаңа Таниева доп және шығыршықпен жаттығуда 68.15 ұпаймен көш бастады. Дәл осы жарыста Айбота Ертайқызы (65.15 ұпай) үшінші орынға табан тіреді. ...

    Read More »

    Көркем гимнасшылар Олимпиада жолдамасын сарапқа салады

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлады olympic.kz Оған Қазақстан құрамасынан жалпы есебі 8 спортшы қатысады. Жекелей сында Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.  Ал топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко мен София Ан сынға түседі. Осы Азия чемпионатында жекелей сын мен топтық жаттығудан Олимпиадаға бір-бір квота ойнатылады. Лицензия ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінде қола жүлдегер атанды

    Францияның Мец қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында Алан Құрманғалиев үшінші орын иеленді. Ол турнирде Иван Кан (Нидерланд), Ронд Брент (Нидерланд), Назар Солодкий (Украина), Вим Вердоншот (Германия) сынды спортшылардан басым түсті. Жартылай финалда Алан Құрманғалиев Жапонияның өкілі Юхи Сакаидан  1:3 есебімен жеңіліп, қола медальді қанағат тұтты. Былтыр Алан Құрманғалиев Португалияның Вила Реал қаласында ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Қазақстан тағы үш жүлде алды

    Жеңіл атлетикадан Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары тағы үш медальді жеңіп алды, Olympic.kz Сырықпен секіруден қыздар арасындағы сында Анна Черкашина күміс жүлдеге ие болса, Иван Сенин онсайыстан үшінші орынға табан тіреді. 400 метрге жүгіруден қыздар арасындағы бәсекеде Мария Шувалова қола медаль иеленді. Бұған дейін Фаина Мейірманова биіктікке секіруден екінші ...

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан елге төрт қола медальмен келе жатыр

    Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан XXXII Азия чемпионаты аяқталды. Чемпионаттың соңғы күні ұлттық құрама аралас командалық сайыста қола медальді жеңіп алды. Жүлде жолында Түркменстанмен болған жекпе-жек 4:2 есебімен Қазақстанның пайдасына шешілді. Татамиге алғаш шыққан Екатерина Токарева, одан кейін аса ауыр салмақтағы Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қарсыласының жауырынын жерге тигізді. Осы екі ортада Асқар Арапов пен Бақыт Құсақбаевадан түркменстандық дзюдошы ...

    Read More »