Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер құрамасының төрт спортшысы финалға шықты. Азия чемпионы атағы үшін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) мен Әсел Тоқтасын (80 келіден аса салмақ) қолғап түйістіреді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Азия чемпионаты
World Boxing: Азия чемпионатында бес боксшымыз финалға шықты
World Boxing аясында Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында ұлттық құрама команданың бес боксшысы финалға шықты. Әуелі Нұрислам Қалдыбаев (60 кг) Бутанның боксшысы Дечен Дорджиді уақытынан бұрын жеңсе, Илья Калинин (65 кг) Филиппиннің өкілі Марк Эшли Фаджардомен шаршы алаңға шықпай жатып, финалға жолдама алды. Оның қарсыласы жекпе-жектен бас тартты. 70 кило салмақтағы Нұрбек Мұрсал болса, ...
Read More »Құрмет тұғырында ару қызымыз – Аружан
Біздің қазақтың қайсар қыздарының дөңгелетіп алып кетпейтін спорт түрі жоқ шығар, сірә. Тіпті, зілтемір көтеру секілді қыз балаға ауырлау спорт түрлерінде де қаракөз қыздарымыз әлем ареналарында атой салып, жүлде салып келеді. Сол көптеген спорт түрлері ішінде кәрістің таеквондо спортыннан да бұрымды қыздарымыз құр жаяу емес. Қазіргі кезде ел намысын қорғайтын қыздарымыздың Азия аймағында алдына жан салмай келе жатқынына бөркімізді лақтырып ...
Read More »Азия чемпионаты: Қазақстан паратаэквондо құрамасы бес жүлдені жеңіп алды
Малайзияның Кучинг қаласында паратаэквондодан (пумсэ) өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Таеквондо федерациясы. Абзал Ахметкерей (Р31 санаты) мен Карен Овсепян (Р33 санаты) чемпион атанды. Елдос Жәнібек (Р34 санаты) пен Дәурен Серіков (Р33 санаты) күміс жүлдегер болса, Айдарбек Расқалиев (Р21 санаты) қола медальді иеленді. Енді таяу арада Астанада таэквондодан ...
Read More »Таеквондодан АЧ: Қазақстан жастар құрамасы 11 жүлде алды
Таеквондодан жастар арасында Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде де Қазақстан құрамасының қоржыны жүлдемен толықты. Бұл жолы спортшылар төрт медаль алды. Құрама командада Аружан Найманбаева (68 кг) Азия чемпионы атанды. Ал Ринат Елібай (51 кг), Павел Эм (59 кг) пен Ақбота Желеу (46 кг) қола жүлдені иеленді. Бұған дейін Бунед Бахрамкулов (45 кг) пен Айым Серікбаев ...
Read More »Таеквондодан АЧ: Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен келе жатыр
Таеквондодан жастар арасында Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты басталмай жатып, Қазақстан құрамасы жеті медальді жеңіп алды. Бунед Бахрамкулов (45 кг) мен Айым Серікбаев (42 кг) Азия чемпион атанды. Бұған дейін 2005 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында Давранбек Ризаев құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, енді араға 20 жыл салып, Айым Серікбаева мен Бунед Бахрамкулов Давранбек Ризаевтың жетістігін қайталады. ...
Read More »World Boxing: Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына барады
30 шілде — 12 тамыз аралығында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты болады. Жаттықтырушылар штабы елімізден жарысқа қатысатын боксшылардың тізімін жариялады. Ерлер 50 кг: Нұрзат Оңғаров 55 кг: Бексұлтан Боранбек 60 кг: Нұрислам Қалдыбаев 65 кг: Илья Калинин 70 кг: Нұрбек Мұрсал 75 кг: Аман Қонысбеков 80 кг: Санжарәлі Бегалиев 85 кг: ...
Read More »Күрестен жастар арасындағы АЧ: Қазақстан балуандары жеті жүлде алды
Қырғызстанның астанасы — Бішкек қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Осы сында еркін күрестен жалғыз алтын жүлде 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек жеңіп алды. Ал Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Камиль Куруглиев (97 келіге дейін) күміс медальге ие болса, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) пен Алан Оралбек (61 келіге дейін) қола жүлдені қанағат тұтты. Сонымен бірге әйелдер ...
Read More »Грек-рим күресінен АЧ: Қазақстан жастар арасында екі алтын жүлде жеңіп алды
9-10 шілде аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында грек-рим күресінен жастар арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан балуандары екі алтын жүлдені жеңіп алды. Одан басқа бір күміс, үш қола медальді иеленді. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын құрмет тұғырының биік сатысына көтерілсе, одан кейін оның жолын 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев қайталады. Ол да жастар арасында Азия чемпионы атанды. 77 келіге дейінгі ...
Read More »Ауыр атлетикадан АЧ: Қазақстан – көшбасшы!
Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Оған 25 елден келген 14 пен 20 жас аралығындағы 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатта еліміздің намысын 29 спортшы қорғады. Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мохаммед Юсеф Аль-Мана турнирдің лайықты деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының Қазақстанда өтіп жатқанына қуаныштымыз! Бұл ...
Read More »