Сауд Арабиясында өтіп жатқан шосседегі пара велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде еліміздің спортшылары 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль еншіледі, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК. 26,8 км қашықтықтағы В класы бойынша ерлер арасындағы тандемдік жекелей сында Кирилл Ильюкевич (стокер) пен Глеб ...
Read More »Азия чемпионаты
Елизавета Безрукова тағы да Азия чемпионы атағын жеңіп алды
Үндістанның астанасы Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатының шешуші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын және күміс жүлделер түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда ұлттық құрама команданың спортшысы Елизавета Безрукова алтыннан алқа тақты. Отандасымыз жарыста 623.4 ұпай жинады. 50 м, жатып нысана көздеуден жүлдегерлер: Елизавета ...
Read More »Ислам Сәтпаев Азия чемпионы атанды
Олимпия ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Мерген пневматикалық винтовкамен 50 метр қашықтықтан жатып ату жаттығуында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл бағдарламада Никита Шахторин екінші орынды иеленді. Сондай-ақ жарыстың кезекті күнінде Никита Чирюкин күміс медаль жеңіп алды. Ол тапаншамен 25 метр ...
Read More »Велоспорттан АЧ: Евгений Федоров тас жолда топ жарды
Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ол топтық жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Спортшы 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қытай өкілі Хаоюй Суй, үшінші орынды Абдулла Жасим Әли (БАӘ) иеленді.
Read More »Стенд атудан АЧ: Қазақстан тағы бір алтын жүлде алды
Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдені иеленді. Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина мен Наргиза Сарманова алтын медальді жеңіп алды. Олар «трап» бағдарламасы бойынша командалық сайыста үздік атанды. Сонымен бірге «трап» дисциплинасында отандастарымыз жекелей сында да жақсы өнер көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлдеге ие болды. Бұған дейін ұлттық құрама «скит» түрінен екі ...
Read More »Шахматтан АЧ: Қазақстан командасы бес алтын жүлдемен келе жатыр
Таиландтың астанасы Бангкок қаласында шахматтан XXVII жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы. Жасөспірім шахматшылар бағдарламаның үш түрі – классика, рапид және блиц бойынша 11 медаль жеңіп алды. Оның бесеуі – алтын жүлде. Милана Филиппова (G10) мен Мария Холявко (G14) – классикада, Әміржан Әнетов (O10) – рапидте, Әлішер Әбдісаттар (O14) мен Әсия Асылхан (G16) – блицте Азия ...
Read More »Азия чемпионаты: Қазақстанға қазақ күресінен қарсыластар көбейіп жатыр (ФОТО, ВИДЕО)
Бүгін Түркістан қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өткен Азия чемпионаты аяқталды. Qazaq Kuresi ассоциациясы, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен жалауы көтерілген сарықұрлық додасында Қазақстан құрамасы 16 салмақ дәрежесінде 10 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Бүгін чемпионаттың екінші күні де белдесулер аса тартысты және қызықты ...
Read More »Қазақ күресінен АЧ: алғашқы күні-ақ алты алтын, қос күміс жүлде алдық (ФОТО, ВИДЕО)
Бүгін Түркістан қаласында Qazaq Kuresi ассоциациясы, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен төл күресімізден Азия чемпионаты жалауын желбіретті. Әуелі сарықұрлық додасы басталмас бұрын қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi ассоциациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Осы алқалы жиында Азиялық Qazaq Kuresi ассоциациясын құрылғаны туралы хабар жарияланып, оның президенті сайланғаннан кейін ...
Read More »Азиялық Qazaq Kuresi ассоциациясы құрылды
Түркістан қаласында қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi ассоциациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Азия чемпионаты аясында ұйымдастырылған бұл басқосу ұлттық спорттың стратегиялық бағытын айқындап, халықаралық деңгейдегі жаңа бастамалардың негізін қалаған тарихи іс-шара болды, деп хабарлады Qazaq Kuresi ассоциациясының баспасөз қызметі. Жиынға Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Ұлттық және ат спорты түрлері ...
Read More »Түркістанда төл күресіміздің туы көтерілді
Бүгін Түркістан қаласында қазақ күресінен Азия чемпионатының жалауы көтеріледі. Осы дүрмекті дода басталар алдында Qazaq Kuresi ассоциациясы Атқарушы комитетінің жиналысы болып, онда бірнеше мәселе қаралды. Атап айтқанда, қауымдастықтың жұмысының қысқаша есебі беріліп, стратегиялық бағдарын айқындап, шетелдік және облыстық федерацияларға тапсырмалар және есеп беру мерзімдері анықталды. Жиналыста Qazaq Kuresi ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов сөз сөйлеп, қауымдастықтың қызметіне есеп берді. Ол ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары