• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Данил Васильев FIS кубогында күміс медаль алды

    Германияның Хинтерзартен қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан FIS кубогында ұлттық құраманың спортшысы Данил Васильев 229,6 ұпаймен екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл бағдарламада Австрия өкілі Юлиан Шмид жеңімпаз атанса, қола жүлдені словениялық Рок Облак иеленді.    

    Read More »

    Спортшылар коалициясы УЕФА-ға Израильді ұйымнан шығаруды ұсынды

    Франция құрамасының жартылай қорғаушы Поль Погба мен крикетші Муин Алиді есептегенде 48 спортшы Израильді Газа секторындағы палестиналықтарға жасаған қылмысы үшін Еуропа футбол қауымдастығынан шығарып тастауды сұрады. Бұл туралы Aljazeera агенттігі хабарлады. — Әртүрлі сенім-нанымнан, түрлі тектен шыққан кәсіпқой спортшылар ретінде біз спорт әділдік, адалдық және адамгершілік принциптерін сақталуы керек деп санаймыз. Біз, Athletes 4 Peace бейбітшілік құжатына қол қойғандар, УЕФА-ны Израильді ...

    Read More »

    Шахматшы Ксения Балабаева – рапидтен әлем чемпионы!

    Перудің астанасы Лима қаласында өтіп жатқан шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид бойынша) Ксения Балабаева жеңіске жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 19 жастағы отандасымыз әлем чемпионатының 9-турынан кейін 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 ...

    Read More »

    Пара жүзуден ӘЧ: Нұрдәулет Жұмағали күміс медаль алды

    Сингапурде өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында Нұрдәулет Жұмағали брасс әдісімен жүзуде 100 метр қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп өтіп, күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ведомствоның хабарлауынша, бірінші орын бейтарап ел атынан қатысқан спортшы Тимофей Гукқа бұйырса, үшін орынды украиндық Федина Алексей иеленді. Бұл – Нұрдаулет Жұмағалидің әлем чемпионатындағы үшінші күміс жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері Азия құрлығында құрмет тұғырынан көрінді

    Александр Бублик ATP турнирлеріндегі сегізінші титулын жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Чанчжоу қаласында жалауы көтерілген АТР 250 турнирінде жеңімпаз атанды. Ол жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, финалда дүниежүзілік рейтингіде 88-орында тұрған франциялық Валентен Руаемен ойнады. Бірінші партияда Бублик тай-брейкте қарсыласын 7:6 (7:4), екінші сетте де 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Александр Бублик ...

    Read More »

    Семсерлесуден Азия кубогы: Қазақстан екі алтын медаль жеңіп алды

    Семсерлесуден Үндістанда кадеттер арасында өткен Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Айбар Қайым қылыш қаруымен айқасудан бірінші орын иеленді. Сонымен бірге Полина Лесовская да алтын медаль жеңіп алды. Ол қылышпен айқасудан турнирдің үздік спортшысы атанды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығады

    «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығады Бүгін сағат 17:00–де «Қайрат» (Алматы) мен «Реал» (Мадрид) матчына билеттер сатылымы басталады, деп хабарлады fckairat.com. Әрбір матчқа билеттің бағасы — 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болады. Батыс трибуна 1-9 сектор (1-2 қатар) — 30 мың теңге; Солтүстік / Оңтүстік трибуналар — 75 мың теңге; Шығыс трибуна — 150 мың теңге; Батыс ...

    Read More »

    Усман Дембеле мен Айтана Бонмати — «Алтын доп» сыйлығының иегерлері!

    Футболдан Франция ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Усман Дембеле,  ал әйелдер арасында Испанияның «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Айтана Бонмати үшінші жыл қатарынан «Алтын доп» сыйлығының иегері атанды. Бұл марапат биыл төртінші рет жыл қорытындысына байланысты емес, футбол маусымының нәтижесі бойынша берілді. Онда 2024 жылдың 1 тамызы мен 2025 жылдың 25 шілдесі аралығындағы футболшылардың көрсеткіші есепке алынды. Оған спорт ...

    Read More »

    WTT Youth Contender: Қазақстан үстел теннисінен 12 медаль жеңіп алды

    Үстел теннисінен Грузияның Батуми қаласында халықаралық WTT Youth Contender турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі – алтын жүлде, деп хабарлады Қазақстан үстел теннисі федерациясы. Жекелей сайыс, 13 жасқа дейін 1 орын — Жәния Бекмұхамбетова 1 орын — Нұрдәулет Азаматұлы Аралас жұп, 19 жасқа дейін 1 орын — Алан Құрманғалиев / Каролина Хольда (Қазақстан/Польша) Аралас ...

    Read More »

    Нодира Ахмедова таэквондодан күміс жүлдегер атанды

    Таэквондошы Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды. Ол 49 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Болгарияның өкілі Александра Георгиеваны 2:1 есебімен жеңді. Финалда Испанияның спортшысы Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Ахмедова күміс медаль иеленді.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »