• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Танымал таеквондошыға Олимпиада жолдамасын алуға бір қадам қалды

    Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Айқас 2 раундқа созылып, 17 жастағы қазақ спортшысының сенімді жеңісімен аяқталды. Енді ұлттық құрама спортшысы біраздан соң жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабрукпен Париж Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салады.

    Read More »

    Олимпиада жолдамасына төрт таеквондошы таласады

    15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Париж Олимпиадасына жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирі болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Құрлық додасында 33 елден келген 96 спортшы қатысады. Турнирге Қазақстаннан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022), Спартакиада жеңімпазы, 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (80 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг) қатысады. Самирхон 20 жаста. Ол — ...

    Read More »

    Боксшылар Бранко Пешич мемориалына барды

    Сербияның астанасы – Белград қаласында бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталды. Әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысатын халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынайды. Турнир 17 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерацтясы. Belgrade winner турниріне қатысатын Қазақстан боксшылары: 48 кг: Ернұр Қайрат 51 кг: Санжар Тәшкенбай 54 кг: Дәулет Молдашев 57 кг: Оразбек Асылкулов 60 кг: Бейбарыс Жексен ...

    Read More »

    Грек-рим күресі: Қазақстан екі алтын медаль алды

    Астанада грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровты еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды. Турнир үш күн болып, 10 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша бейтарап елдің спортшылары төрт алтын жүлдемен жалпы есепте топ жарса, Әзербайжан — 3 алтын, Қазақстан 2 алтын медальмен үздік үштікті түйіндеді. Екінші жарыс күнінің жүлдегерлері: 60 кг 1.Оңдасын Хамитов (Қазақстан) ...

    Read More »

    Жақсылық Үшкемпіров турниріне 234 балуан жиналды  

    Астанадағы Жекпе-жек сарайында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында қазақтың аңыз спортшысы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жалауы көтерілді. Кеше оның алғашқы жеңімпаздары белгілі болды. Бқл турнир биыл төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. Оған Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей және алғаш рет Бельгия, Хорватия, Украина, Сауд Арабиясы мемлекеттері өз балуандарын алып келді. Бұл елдердің саны бойынша өзіндік ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Олимпиадаға бес жолдама алды (ВИДЕО)

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы додаға елімізден 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) қатысып, ел намысын қорғады. 11 спортшының бесеуі Олимпиадаға жолдананы жеңіп алды. Ерлер құрамасындағы былғары қолғап шеберлері 22 рет шаршы алаңға шығып, соның біреуінде ғана жеңілді. Өкінішке қарай, 63,5 келі салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қарысласына есе жіберіп алды. Ал басқалары, атап айтқанда ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары жеті жолдама үшін күш сынасады (ВИДЕО)

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде ұлттық құраманың жеті спортшысы Париж Олимпиадасының лицензиясы үшін күш сынасады. Қазақстан уақытымен сағат 17:30-де 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай АҚШ-тың боксшысы Жамар Таллеймен күш сынасады. Сағат 19:30-да әйелдер жекпе-жегінде Валентина Хальзова мен Кинди Нгамба (Ұлыбритания) шаршы алаңға шығады. Олар 75 келіде қолғап түйістіреді. Нгамба былтырғы жылға дейін босқындар құрамасында жұдырықтасып келген. ...

    Read More »

    Лицензиялық турнир: Қазақстан құрамындағы жаңа боксшы жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің үшінші жарыс күнінде ұлттық құрама сапындағы үш спортшы шаршы алаңға шығып, бәрі жеңіске жетті. Алдымен әйелдер арасында 60 келідегі Римма Волосенко екінші жекпе-жегінде Мажарстанның  22 жастағы Петра Сзабоны айқын басымдылықпен жеңген соң, рингке Астана уақытымен кешкі сағат 22:00-де әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов көтерілді. Ол кешкі сессияда 71 келі салмақта фин Сэм Мороватимен ...

    Read More »

    «Болашақ ойындары»: Қазақстан бірнеше сайыста жеңімпаз атанды

    Татарстанның Қазан қаласында 21 ақпанда басталған «Болашақ ойындары» жарысы аяқталды. Оған 12-62 жас аралығындағы 2 мыңнан астам адам қатысып, цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал дисциплиналары бойынша сынға түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жалпы, алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа жер-жүзінен келген елдердің 294 командасы қатысты. Турнирдің жүлде қоры 10 млн доллары болды. Жарыстарға геймдев, эспорт, робототехника (дрон ...

    Read More »

    Көркем гимнастшы Айбота Ертайқызы екі медаль жеңіп алды

    Бүгін Эстонияның Тарту қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Мисс Валентайн» Гран-приі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Биыл 30 мемлекеттен таңдаулы 33 спортшы қатысқан жарыста отандасымыз Айбота Ертайқызы екі медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама өкілі доппен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанса (32.700 балл), шығыршық жаттығуында қолаға (32.550 ұпай) ие болды. Сондай-ақ Айбота Ертайқызы ұршық және лентамен өнер ...

    Read More »