• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    www.rfi.fr

    Усман Дембеле мен Айтана Бонмати — «Алтын доп» сыйлығының иегерлері!

    Футболдан Франция ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Усман Дембеле,  ал әйелдер арасында Испанияның «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Айтана Бонмати үшінші жыл қатарынан «Алтын доп» сыйлығының иегері атанды.

    Бұл марапат биыл төртінші рет жыл қорытындысына байланысты емес, футбол маусымының нәтижесі бойынша берілді. Онда 2024 жылдың 1 тамызы мен 2025 жылдың 25 шілдесі аралығындағы футболшылардың көрсеткіші есепке алынды.

    Оған спорт журналистері дауыс берді. Олар 10 футболшыны таңдады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы «Алтын доп» сыйлығының иегері болды. Биылғы атаққа Джуд Беллингем, Вирджил ван Дейк, Винисиус Жуниор, Флориан Вирц мен Витинья ұсынылды.

    Биыл «Алтын доп» сыйлығын табыс ету рәсімі 68-ші рет өткізілді. Ол 1956 жылдан бері France Football журналының қолдауымен тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

    Ереже ойынша ерлер мен әйелдер арасында «Алтын доп» иегері анықталып, 21 жасқа дейінгі футболшылар арасында «Копа трофейі», үздік қақпашыға «Яшин трофейі» берілді. Сондай-ақ үздік ерлер және әйелдер командалары анықталды. Ал өткен маусымдағы үздік сұрмергенге Герд Мюллер трофейі табыс етілді.

    Былтыр олардың қатарына тағы екі жаңа марапат қосылды. Енді ерлер және әйелдер командалары арасында үздік жаттықтырушылардың есімі белгілі болды.

    Копа трофейі: Ламин Ямаль («Барселона», Испания құрамасы).

    Яшин трофейі (ерлер) — Джанлуиджи Доннарумма (Италия, «Манчестер Сити»), (әйелдер) — Ханна Хэмптон (Англия, «Челси»)

    Үздік клуб (ерлер) – «Пари Сен-Жермен» (Франция).

    Үздік клуб (әйелдер) – «Арсенал» (Англия).

    Үздік жаттықтырушы (ерлер) – Луис Энрике («Пари Сен-Жермен», Франция)

    Үздік жаттықтырушы (әйелдер) – Сарина Вигман (Англия құрамасы)

    Былтыр Англияның «Манчестер Сити» клубында ойнайтын Испания ұлттық құрама командасының шабуылшы Родри (Родриго Эрнандес) 2024 жылғы «Алтын доп» иегері болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Фото: www.rfi.fr

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *