Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші матчын Сингапур командасымен ойнап, қарсыласын 16:15 есебімен жеңді. Ойынның негізгі уақыы тең аяқталды. Содан кейін отандастарымыз пенальти сериясында сингапурлықтардан басым түсті. Қорытынды есеп — 16:15. Ернар Тілекқабыл үздік ойыншы атанды. Ұлттық құрама әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Мысырдан 9:14 есебімен жеңілген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругвай ватерполистерімен ойнайды. Дастан КЕНЖАЛИН ...
Read More »Tag Archives: Қазақстан
Қазақ журналисі Baku Media Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды
Баку қаласында Әзербайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында үстел теннисінен халықаралық Baku Media Open-2026 турнирі болды. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Түркия мен Грузиядан 50-ге жуық танымал БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады SportPress.kz. Қазақстан атынан белгілі спорт журналисі, Beksports.kz порталының бас редакторы Бек Төлеуов, «Қазақстан тарихы» порталының жетекшісі Алтынбек Құмырзақ пен тележурналист Қырмызы Жандос ел намысын қорғады. Турнирдің қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жарыста ...
Read More »Конькимен жүгіру: Қазақстан спринтте жеңіске жетті
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Варвара Глухова, Анастасия Беловодова мен Кристина Шумековадан құралған әйелдер командасы командалық спринтте 1:28.77 уақыт көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Екінші орынды Польша құрамасы иеленсе, үшінші сатыға Канада спортшылары көтерілді. Осылайша, Қазақстан құрамасының жасөспірімдер ...
Read More »«Белград Аренада» Қазақстанның туристік әлеуеті насихатталды
Сербияның астанасы Белград қаласында Еуропадағы ең ауқымды спорттық оқиғалардың бірі болды. Бұл жерде баскетболдан Белградтың «Партизан» мен Афинаның «Панатинаикос» клубтары арасындағы Еуролигасының матчы аясында еліміздің туристік әлеуеті, сондай-ақ, Астана – Белград тікелей әуе рейсінің жуырдағы ашылуы таныстырылды. Қазақстан Елшілігінің бастамасымен «Белград Аренада» өткен матчта жиналған 18 мың көрерменнің арасында интерактивті акция ұйымдастырылып, кездейсоқ таңдалған жанкүйерлер «Партизан» клубы ұсынған айып добын ...
Read More »Қысқы Олимпия ойындарының басталуына 10 күн қалды
Италияның Милан–Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпия ойындарының басталуына 10 күн қалды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 10 дисциплинасы бойынша бақ сынайды. Ел намысын барлығы 36 спортшы қорғайды. Оның ішінде 18 ер және 18 әйел спортшы бар. Ұлттық құраманың орташа жасы – 25 жас. Команда сапындағы ең жас спортшы – фристайл-акробатикадан сынға ...
Read More »Милан-2026: қысқы Олимпиадаға қай өңірден неше спортшы барады?
Санаулы күндерден кейін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпия ойындары басталады. Төрт жылдықтың басты додасына әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде биылғы қысқы Олимпиадаға тоғызыншы мәрте қатысады. Ұлттық құрама сапынан Италиядағы додада жалпы саны 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) ел намысын қорғайды. Салыстыру ...
Read More »Қыр астында — Ақ Олимпиада
Биыл – қысқы Олимпиада жылы. Биыл тағы да сайыпқырандарымыз төрт жылда бір келетін осынау дүрмекті додада бақ сынайды. Бұл байрақты бәсеке 7-16 ақпан аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында болады. Ойындардың ресми белгілері – Тина және Мило атты екі ақкіс. Олардың эскизін мектеп оқушылары әзірлеген. Барлығы 1600 дизайн ұсынысы қабылданған. Италия тарихта төртінші рет Олимпия ойындарын өткізеді. Миланда алғаш рет ...
Read More »Биыл еліміз жаңа спорт түрлерінен жүлде алды
Биыл ел спорты үшін шын мәнінде тарихи жыл болды. Отандық спортшылар халықаралық аренада ондаған маңызды жетістікке қол жеткізіп, жарқын жеңістерімен, рекордтарымен жанкүйерлерді қуантты. Сонымен қатар ұлттық құрамада жаңа көшбасшылар пайда болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қазақ спортының тарихына енгендер: * Әбиба Әбужақынова (дзюдо), * Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Санжар Тәшкенбай, Айбек Оралбай (бокс), * Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау), ...
Read More »Қазақстан құрамасы XXV жазғы Сурдлимпиадада 25 медаль алды
Бүгін Жапонияның астанасы Токиода XXV жазғы Сурдлимпия ойындары мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. -Ең көп жүлдеге сурдо дзюдо спортшылары ие болды. Аталған спорт түрінен отандық спортшылар 5 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль алып, барлығы 11 жүлдені иеленді. Осы нәтижемен Қазақстан дзюдошылары жалпыкомандалық ...
Read More »Ислам ынтымақтастық ойындары: Қазақстан 56 медаль алды
Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы жарыстарын аяқтады. Жалпы есепте отандастарымыз 56 медаль алды. Оның ішінде 15 — алтын, 20 – күміс және 21 — қола медаль бар. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте жетінші орынға орналасты. Қазақстанның жүзу, ауыр атлетика және джиу-джитсу құрамалары ел қоржынына үш медальдан салды. Үстел теннисшілері екі алтын медаль жеңіп алды. Дзюдоистер, муай-тайшылар, ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары