Бүгін Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында құрмет тұғырынан көрінген ұлттық құраманың былғары қолғап шеберлері мен жаттықтырушыларды марапаттап, сыйақы тапсырды, деп хабарлады Бокс федерациясы. Кездесуде Бокс федерациясының басшысы ұлттық құрама команданың бес спортшысы мен жаттықтырушыларына жеке қаржысынан ақшалай сертификатты табыс етті. Ташкентте әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен ...
Read More »Tag Archives: Қазақстан
Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты. Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жастағы Бренда Фрухвиртовамен кездесіп, оны 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Бірінші партияда есеп 3:3 болған кезде чехиялық спортшы брейкпен алға шыққан еді. Бірақ Рыбакина оның жеңіске деген жігерін көп ұзатпады. Қазақстандық теннисші тағы бір брейкпен ...
Read More »Таэквондодан ӘЧ: Жансель Дениз жүлдеге қол созым жерде жеңілді (ФОТО)
Бүгін Әзербайжанның астанасы — Бакуде өтіп жатқан таэквондодан XXVI әлем чемпионының екінші жарыс күні татамиге ұлттық құрама сапынан Самирхон Абабакиров (58 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг) мен Жансель Дениз (73 кг) шығып, ешқайсысы жүлделі орынға жете алмады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Тәжірибелі Жансель Дениз Грекия құрамасының осы салмақтағы көшбасшы Анастасия Делидимитрис пен испаниялық ...
Read More »«Ролан Гаррос» турнирінің жеребесі тартылды
Қазақстанның алғашқы раундта ойнайтын қарсыластары анықталды 28 мамырда теннистен Францияның ашық чемпионаты – «Ролан Гаррос 2023» турнирі басталады. Осыған байланысты әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сындағы жеребе тарту рәсімінің нәтижелері белгілі болды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен (квалифайер) немесе іріктеу кезеңінің соңғы кездесуінде жеңілген теннисшімен (лаки-лузер) кездеседі. Юлия Путинцева бірінші айналымда бельгиялық Марина Заневскаямен (88-ракетка) ...
Read More »Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қақпасына салынған шайба дауға айналды (ВИДЕО)
Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы әлем чемпионатындағы соңғы матчын өткізді. Соңғы ойында ұлттық құраманың хоккейшілері Словения командасымен кездесіп, 4:3 есебімен ұтты. Ал оның алдында Латвия құрамасымен ойында отандастарымыз 7:0 есебімен жеңілген болатын. Осы матчта Латвияның Қазақстан қақпасына салған үшінші шайбасы дауға айналды. Екінші кезеңнің басында Мартинш Дзиеркалс үшінші шайбаны соққанда, ол спортсүйер қауым үшін өте даулы болып көрінген. Бірақ гол ...
Read More »Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алған соң, Әйелдердің теннис қауымдастығының жариялаған тізімінде ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды. Рыбакина 5090 ұпай жинап, төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) басып озды. Қазір ол рейтингте үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуладан небәрі 115 балл ғана қалып отыр. Сонымен бірге Қазақстанның басқа да теннисшілері ...
Read More »Көркем гимнастика: Спартакиадада Шымкент спортшылары жеңіске жетті
Бүгін Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде көркем гимнастикадан Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасы аяқталды. Бұл жолы жекелей сында еліміздің әр өңірінен келген 54 гимнаст сынға түсті. Ал топтық жаттығуда 12 команда бақ сынады. Бұл қатарда Елжаңа Таниева, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова сынды халықаралық бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген ұлттық құрама өкілдері бар. Шығыршықпен өнер көрсетуде ұлттық құрама көшбасшылары ешкімге дес ...
Read More »Ауыр атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында тағы екі жүлде алды
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама сының қоржынына тағы екі жүлде түсті. Ерлер арасындағы 109 келіге дейінгі салмақта Артем Антропов күміс жүлдегер атанса (399 кг), тағы бір отандасымыз Аңдас Самарқанов (390 кг) үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта алтын медальді Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов жеңіп алды. Артем Антропов алғашқы ...
Read More »Теннистен Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының топтық кезеңіне шықты
Осы күндері Қазақстан құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша Juniors Davis Cup әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалында Австралия құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Австралия – 16 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатын 6 рет жеңген команда. Осы матчтың есебінен кейін 16 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының топтық кезеңіне шықты. Бір апта ...
Read More »Қазақстан боксшылары алтын жүлде туралы ойларын айтты (ВИДЕО)
Бүгін – Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында демалыс күні. Боксшылар тынығады. Ал ертең күні бойы жартылай финалдық жекпе-жектер болады. Кеше ширек финалда жеңіске жеткен Қазақстанның ұлттық құрамасының боксшылары алдағы жекпе-жектері туралы ойларын айтты. Команда капитаны 71 кг салмақта өнер көрсететін Асыланбек Шымбергенов жаттықтырушылардың тактикасын дұрыс орындағанын, енді әрі қарай жеңіс тұғырынан көрінуге бар күш-жігерін салатынын ...
Read More »