• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Әлем кубогы

    Садақшылар Түркиядағы Әлем кубогының финалына шықты

    Садақ атудан Қазақстан командасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адел Жексенбинова Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Әлем кубогның финалына шықты, деп хабарлады olympic.kz. Садақшылар блоктық садақ атудан аралас командалық сында алтын жүлдеге таласады. Турнирде Қазақстан құрамасы Бразилия, Словения мен Италияның садақшыларын жеңді. Енді ел құрамасы финалда Ұлыбритания командасымен кездеседі. Бұл сайыс 22 маусымға жоспарланған.

    Read More »

    Елжаңа Таниева Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады

    Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Елжаңа Таниева Италияның Милан қаласында өтетін Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz.  Бұл жарыс 21-23 маусым аралығында болады. Қазақстан сапынан тек бір спортшы бақ сынайды. Елжаңа Таниева биылғы Олимпиадада өнер көрсетеді. Ол Ташкентте өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған болатын. Таниева ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттығады.  

    Read More »

    Садақ атудан ұлттық құрама Әлем кубогына қатысады

    18-23 маусым аралығында Түркияның Анталья қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрамада ел намысын садақ атудың классикалық түрінен Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко, Алина Ильясова, Диана Тұрсынбек, Елизавета Авдеева, садақ атудың блок түрінен Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн, Адель Жексенбинова қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы – Артем Кичкин. ...

    Read More »

    Константин Малиновский ел рекордын қайталап, Әлем кубогының финалына шықты

    Бүгін мерген Константин Малиновский Германияның Мюнхень қаласында нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол 50 метрге 3 позицияда винтовкамен нысана көздеудің іріктеуде 593 ұпай жинап, бесінші орын алды. Ертең Константин Малиновский финалда жүлдеге таласатын 8 адамның арасында болады. Ол кеше алғашқы іріктеу айналымында 585 балға ие болып, ...

    Read More »

    Нысана көздеуші Александра Ле маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті

    Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден маусымдағы соңғы Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың спортшысы Александра Ле 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде 632 ұпаймен 12-орыннан көрінді. Оның финалға шығуына 0,6 ұпай, ал Қазақстан рекордын тіркеуіне 0,7 ұпай жетпей қалды. Александра Ле биыл наурызда Шымкентте өткен ел чемпионатында тура осыған жақын ...

    Read More »

    Көркем жүзуден Әлем кубогында Қазақстан тағы алтын жүлде алды

    Көркем жүзуден Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты. Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңіске жетті. Ол 193.7938 ұпай жинады. Күміс медальді Италия, қола жүлдені Испания спортшылары иеленді. Әйелдер арасындағы сында  Карина Магрупова төрттікке енсе, жұптық сында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина 11-орында қалды. Бұған дейін Эдуард Ким техникалық бағдарламада ...

    Read More »

    Гимнасшы Дияс Тойшыбек Әлем кубогында алғаш рет жүлде алды

    Ұлттық құраманың спортшысы Дияс Тойшыбек спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының Challenge Cup турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол ат снарядындағы финалда 14.150 ұпай алды. Мұнда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасына қатысқан украиналық  Илья Ковтун (Украина) топ жарды. Қола жүлде хорват гимнасы Матео Жугецке бұйырды.

    Read More »

    Қазақстан семсерлесуден Әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды

    Францияның Сен-Мор қаласында семсерлесуден өткен Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы үшінші орынға ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қола медаль үшін айқаста ұлттық құрама Израиль командасын 45:29 есебімен ұтты. Команда сапында Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертайдың квартеті сынға түсті. Бұдан басқа жекелей сында ел намысын Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр ...

    Read More »

    Қазақстан көркем жүзуден екінші рет жүлдегер атанды

    Көркем жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары Эдуард Ким мен Наргиза Болатова Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының иегері атанып, қола жүлдені де жеңіп алды. Қазақстан дуэті техникалық бағдарламада 216.3250 балл алды. Одан кейінгі сатыға Италия құрамасы (Филиппо Пелати мен Сара Мария Ризеа) 207.5367 ұпаймен, Испания командасы (Жорди Касирес Иглесиас мен Жудиз Калво Реквена) 198.8417 ұпаймен орналасты. Еліміздің тағы бір жұбы ...

    Read More »

    Нысана көздеуден ұлттық құрама Әлем кубогының финалына шықты

    Әзербайжанның астанасы – Баку қаласында нысына көздеуден Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Жарыстың алғашқы күні іріктеу нәтижесінде (10 метр, тапанша) Қазақстан-2 құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова сайыс кезінде 578 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Енді бүгін олар Түркия құрамасының мергендері Симал Йылмаз бен Исмаил Келеспен алтын жүлдені ...

    Read More »