• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Жазғы Олимпиялық ойындардың алауын жағылды

    Грекияда ежелгі Гера храмында жазғы Олимпиялық ойындардың алауын ресми түрде жағу рәсімі болды.

    Ежелгі Олимпияда Олимпиаданың алауы күн сәулесінен тұтанды. Грекияның белгілі актрисасы Мэри Мина Аполлонға дұға оқып, Зевстен чемпиондардың көп болуын тілеп, алауды салтанатты жағдайда ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускоске тапсырды.

    Содан кейін алауды жүзуден 2004 жылғы Олимпиялық ойындардның чемпионы, франциялық Лор Маноду ұстайды. Үшінші кезеңді Еурокомиссия басшысының еуропалық өмір салтын қорғау жөніндегі орынбасары Маргаритис Схинасқа сеніп тапсырылып отыр.

    Салтанатты шараға Грекия президенті Катерина Сакеларопулоу, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, Париж қаласының мэрі Анн Идальго мен басқа да лауазым иелері қатысты.

    Грекия аумағында алауды 600 адам алып өтеді. 26 сәуір күні алау Афинаға оралып, Франция елшілігінде бір күн аялдайды. Содан соң, Олимпиаданы қабылдайтын елге 120 жылдың тарихы бар үш матчалы «Белем» желкенді кемесі арқылы жіберіледі. Алау Марсель айлағына 8 мамырда келеді.

    Әрі қарай Олимпиада алауының эстафетасы Францияда басталады.

    Олимпиаданың ашылу салтанаты 26 шілдеде Парижде өтеді. Ойындар 11 тамызға дейін болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *