Шымкент қаласында теннистен жасөсіпірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Asia/Oceania Final Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирінің алғашқы күні ел құрамасы Вьетнам командасын 3:0 есебімен жеңді.
Алдымен Альбина Кәкенова вьетнамдық Нгуенмен күш сынасты. Отандасымыз одан 6:1, 6:1 есебімен айласын асырды. Содан кейін Ариана Гогулина Вудан 6:1, 6:2 есебімен басым түсті.
Жұптық бәсекеде Альбина Кәкенова мен Ева Корышевамен Ву мен Квангты 6:0, 6:1 жеңді.
Қазір А тобында Қазақстан бірінші, Жапония екінші орында келеді. Қос командада үш ұпайдан бар.
Бүгін Ярослава Шведова жаттықтыратын жасөспрімдер құрамасы Жапония командасына есе жіберген Индонезиямен ойнайды.