Бүгін қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогының үшінші жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі.
Белдесулердің нәтижесі төмендегідей:
Ерлер
55 кг
І орын – Қуаныш Мақсұтов (Абай обл.)
ІІ орын – Архат Баймурзин (Қостанай обл.)
ІІІ орын – Рузимон Тугушев (Түркістан обл.)
ІІІ орын – Мақсат Төлеу (Қостанай обл.)
60 кг
І орын – Марат Нигматуллаев (Жетісу обл.)
ІІ орын – Асылжан Гайсаев (Павлодар обл.)
ІІІ орын – Нұртілек Қаракесеков (Ұлытау обл.)
ІІІ орын – Қылыш Еренғайыпов (Астана қ.)
Түйе балуан
І орын – Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау обл.)
ІІ орын – Алмас Жұмағали (Қостанай обл.)
ІІІ орын – Мейіржан Сламшайықов (Астана қ.)
ІІІ орын – Нұрсұлтан Қожагелдіұлы (Шымкент қ.)
Әйелдер
48 кг
І орын – Айдана Хасенқызы (Маңғыстау обл.)
ІІ орын – Жібек Жақсыбай (Атырау обл.)
ІІІ орын – Самал Иманалиева (Қызылорда обл.)
ІІІ орын – Жансая Таджимова (Қызылорда обл.)
52 кг
І орын – Арай Дүйсебай (Алматы обл.)
ІІ орын – Іңкәр Түлепбергенова (Жетісу обл.)
ІІІ орын – Алтынай Нұрханова (Павлодар обл.)
ІІІ орын – Ұлту Асқар (Қызылорда обл.)
«Абай Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан бұл додаға еліміздің барлық өңірінен келген 20 команда қатысып, сынға түсуде.
Балуандар 16 салмақ дәрежесінде кім мықтыны анықтап жатыр:
Ерлер: -55, -60, -66, -74, -82, -90, -100, +100, түйе балуан.
Әйелдер: -48, -52, -56, -60, -65, -70, -77, +77 кг.
Ал ертең, 6 тамыз күні – доданың нағыз кульминациясы болмақ. Яғни, аралас командалық жарыс өтіп, бақ пен бап сыналады. Сөйтіп, ерлер 4 салмақ, ал әйелдер 3 салмақ дәрежесінде кілемге шығады.