Грекияның Афина қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 кеилоға дейінгі салмақта чемпион атанса, күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 килоға дейін) мен Нұралы Асқар (55 килоға дейін) иеленді.
Шамиль Досбол (65 килоға дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 килоға дейін) қола жүлдені қанағат тұтты.
Қыздар арасында Мадхия Усманова (57 килоға дейін) әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Інжу Баққожа (40 килоға дейін) мен Шахизада Дәулетжан (69 килоға дейін) үздік үштіктен орын алды.
Еркін күрес балуандары — Данаель Абдықасым (51 килоға дейін), Бекасыл Асамбек (60 килоға дейін) пен Дінмұхамед Қасымбек (80 килоға дейін) қола медаль иегері атанды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА