Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерунның астанасы — Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалына шығып, күміс жүлдегер болды.
Ерлер арасындағы жекелей сайыстың фитналында отандасымыз Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен ойнады.
Бұл ойын қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды.
Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА