• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлімжетіктің соңы – жаза

    Алматыда «Қазақстандағы қауіпсіз мектеп: миф пе, әлде шындық па?» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Басқосуда балалар мен жасөспірімдердің өзекті мәселелері талқыланды.

    Бүгінгі таңда балалар суициді мен мектептегі буллинг, Қазақстан үшін әлі де өзекті мәселе болып отыр. Баспасөз мәслихатында мемлекет тарапынан осы мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ бағдарламалардың авторлары мен жүзеге асырушы өкілдердің, мектеп қызметкерлері мен азаматтық сектор өкілдерінің көзқарастары талқыланады.

    Ирина Владимировна Калачева – балалардың әл-ауқаты жөніндегі ұлттық ғылыми-практикалық институты «Өркенде», «Балалардың психологиялық әл-ауқатын зерттеу» зертханасының жетекшісі:

    -Білім беру ұйымдарында балалар арасындағы қудалауды (буллингтің) алдын алу жөніндегі «ДосболLIKE» бағдарламасы— 2023–2025 оқу жылдарына арналған, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидті алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарды іске асырудағы маңызды қадам. Бағдарлама кешенді тәсілге негізделген, себебі буллингті алдын алу процесіне, білім беру процесінің барлық қатысушылары тартылад, ол, оқушылар, педагогтар, қызметкерлер және ата-аналар, – деп атап өтті.

    Өз кезегінде сөз алған Алматы қаласы Білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры, Венера Сембекқызы Қоқанова:

    -Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, 2024 жылдың 9-шы тамызындағы № 3/445 Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен «Психологиялық қолдау орталығы» құрылды. Оның басты мақсаты – оқушылардың, ата-аналардың, педагогтардың және мектеп психологтарының, психологиялық әл-ауқатын сақтау мен нығайтуға бағытталған бірыңғай, қалалық психологиялық қызмет жүйесін қалыптастыру. 2025 жылы Орталық мамандары сенім телефоны арқылы 3200-ден астам өтініш қабылдап, 2800-ден астам жеке және отбасылық кеңес өткізді, 120-дан астам оқыту және алдын алу іс-шараларын ұйымдастырды, сондай-ақ 50 000-нан астам оқушы психодиагностикадан өтті, – деді.

    «Жәния Әубәкірова» авторлық мектебінің жетекшісі, Алмас Сапарғалиев мектеп директорлары мен мұғалімдерге буллингті анықтау оңай емес, бұл мәселені шешудің өз көзқарасы бар екендігін тілге тиек етті.

    Юлия Нестеренкова, КММ №38 мектептің педагог-психологы:

    -ДосболLIKE бағдарламасы мектептер үшін өзекті әрі уақытылы қолға алынған бастама. Психологтар тарапынан оны жетілдіру және тәжірибеге енгізу бойынша ұсыныстар бар. Маңыздысы – буллингті алдын алу тек психологиялық көмекпен шектелмейді, ол — терең тәрбиелік процесс. Осы бағдарламаның барлық қатысушыларының міндеттері мен жауапкершілігі нақты айқындалуы тиіс», — деді.

    Ал Светлана Богатырева, «Just Support» қорының атқарушы директоры:

    -Біздің қор, мемлекет жүзеге асырып жатқан шараларға мониторинг жүргізді. Қазір балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету жүйесі қалыптасып келеді — ол мектеп психологтары мен психологиялық қолдау орталықтарынан тұрады. Буллинг және зорлық-зомбылықпен жұмыс істеуге арналған нормативтік-құқықтық база қабылданды, алайда оны жетілдіру қажет. Психологтардың біліктілігін арттыру сапалы болуы тиіс, сонда ғана қоғам сенім білдіреді және сапалы көмек алады. Мектеп психологтарының қызметі нақты, түсінікті әрі іске асатындай болуы қажет. Біз «Өркен» институтымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық, сондай-ақ «Қазақстан балалары» бағдарламасына ұсыныстар енгіздік. Азаматтық қоғамның ұсыныстары ескеріліп, жүзеге асырылуы маңызды, – деп айтты.

    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнаулы есеп комитетінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы кәмелетке толмағандар арасында 139 суицид және 293 өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева ұсынған мәліметтер бойынша, суицид жағдайларының 22%-ында триггер болып табылатын — мектептегі буллинг.

    ДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы жүргізген HBSC («Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы») зерттеуінде келесі деректер келтірілген: Қазақстандық жасөспірімдердің 13%-ы (шамамен әр сегізіншісі) кибербуллингке ұшыраған, 7%-ы –  мектептегі буллинг құрбаны болған, әр он үшінші жасөспірім төбелеске қатысқан. Төбелеске 12% ұлдар мен 4% қыздар қатысқан. 2018 жылдан бері, тек кибербуллинг бойынша ғана көрсеткіштің өсуі байқалып отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеуіне сәйкес, 17,5% бала буллингке ұшыраған.

     

    Салтанат ҚАЖЫКЕН,

    АЛМАТЫ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *