• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    : globesoccer.com

    Жыл үздігіне үміткерлер тізімі жарияланды

    28 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) Globe Soccer Awards беделді сыйлығы 2025 жылдың үздік ойыншысын анықтайды. Бұл жүлдені тапсырмастан 40 күн бұрын оған лайықты адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлады Zakon.kz.

    Жыл сайын табыс етілетін сыйлықты ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, биылғы жылы марапатқа 25 адам үміткер және олардың барлығы әлемдік футболда өз орны бар адамдар: Усман Дембеле, Дезире Дуэ, Ашраф Хакими, Хвича Кварацхелия, Нуну Мендеш, Фабиан Руис және Витинья (барлығы — ПСЖ), Джанлуиджи Доннарумма, Эрлинг Холанд (екеуі де «Манчестер Ситиден»), Виктор Дьокереш, Деклан Райс (екеуі де «Арсеналдан»), Александер Исак, Флориан Виртц, Мохамед Салах (барлығы – «Ливерпуль»), Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе (екеуі де «Реалдан»), Гарри Кейн, Майкл Олисе (екеуі де «Бавариядан»), Роберт Левандовски, Рафинья Диас, Ламин Ямаль, Педри (барлығы – «Барселона»), Лаутаро Мартинес («Интер»), Скотт Мактоминей («Наполи») және Коул Палмер («Челси»).

    Ең мықты ойыншымен қатар жылдың үздік жаттықтырушысы да анықталады. Бұл тізімде көп жылдық тәжірибесі бар беделді мамандар бар: Хаби Алонсо («Реал»), Микель Артета («Арсенал»), Антонио Конте («Наполи»), Луис Энрике (ПСЖ), Ханс-Дитер Флик («Барселона»), Эдди Хау («Ньюкасл»), Венсан Компани («Бавария»), Энцо Мареска («Челси»), Роберто Мартинес (Португалия құрамасы) және Арне Слот («Ливерпуль»).

    2024 жылғы үздік футболшы болып бразилиялық Винисиус атанған. Ал мықты жаттықтырушы ретінде Карло Анчелотти («Реал») танылды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *