• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алақандай ел әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

    Кюрасао елі тарихта көлемі жағынан футболдан әлем чемпионатына шыққан ең кішкентай мемлекет атанды.

    Ол Ямайкамен матчта 0:0 есебімен тең түсіп, 2026 әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

    Аралда небәрі 156 мың адам тұрады. Ал оның аумағы — 444 км².

    Команданы нидерландиялық жаттықтырушы Дик Адвокат басқарады. Оның жасағы бірде –бір рет жеңілген жоқ. Керісінше, қарсыластарын үлкен есеппен жеңді. Оның ішінде Бермуд аралдарымен ойында 7:0 есебімен жеңіске жетті. Команда B тобында 12 ұпай жинап, бірінші орынға шықты.

    Сонымен бірге Панама Сальвадорды 3:0 есебімен жеңіп, екінші рет әлем чемпионатына финалына шықты. Ал Гаити C тобында сенсация жасап, фаворит саналған Гондурас пен Коста-Риканы артта қалдырды. Ол топта бірінші орын алды.

    Топта екінші орын алған командалар — Ямайка мен Суринам континентаралық плей-офф матчтарын ойнап, қалған екі жолдама үшін күш сынасады.

    Құрлықаралық ойындар келесі жылы наурызда болады. Оған Боливия, Жаңа Каледония, Конго ДР мен Ирак қатысады. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің жеребесі 5 желтоқсан Вашингтонда тартылады.

    Әлемдік мундиальдың өзі 11 маусымнан 19 шілдеге дейін АҚШ, Канада мен Мексикада болады.

    Кюрасао бұрын Нидерланд корольдігіне қараған ел. Ол 2010 жылы тәуелсіздігін жариялады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *