• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Qazaq Kuresi қауымдастығының баспасөз қызметі

    Балуандар Бакуде әлем чемпионаты кезінде дауыс берді

    Қазақ күресінен Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде Қазақстан құрамасының балуандары Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды  Qazaq Kuresi қауымдастығының баспасөз қызметі.

    Ұлттық құрама өкілдері Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігіне барып, елшілік жанынан ашылған №426 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

    Сайлау учаскесінде қазақ күресінен Әлем кубогінің иегері, әлем чемпионы Рузимон Тугушев, Азия және екі дүркін әлем чемпионы Ернұр Сүлейман, үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбеков, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері Ардақ Нұрсақ пен Жанат Қазез дауыс берді.

    Бұған дейін хабарланғандай, Бакуде 12 елдің өкілі қазақ күресін дамытуды қолға алып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *