• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    WADA президенті Витольд Банька Астанаға келді

    Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька Астанаға келіп, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесті, деп хабарлады SportPress.kz.

    Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда, кездесуде Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты, допингке қарсы білім беру жұмыстарын дамыту және спорттағы адалдық қағидаттарын нығайту мәселелерін талқыланды.

    Витольд Банька 22–27 қараша аралығында Астанада өтіп жатқан WADA-ның басқарушы органдарының отырыстарына қатысады. Онда Дүниежүзілік антидопинг кодексін іске асыру, таза спортты қорғау жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *