Қазақстан дзюдошылары әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Португалияда өткен Гран-при жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты.
Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, Гран-при турнирінде жеңімпаз-және жүлдегер атанған спортшылар рейтингте жоғарылады.
Атап айтқанда, Әбиба Әбужақынова 8-ден 6-ға, Ғалия Тынбаева 52-ден бірден 37-ге, ал Жансай Смағұлов 13-орынға көтерілді.
Қазақстан дзюдошыларының әлемдік рейтингтегі көрсеткіштері мынадай:
Ерлер:
60 кг
Мағжан Шамшадин – 13 (2513)
Елдос Сметов – 17 (2279)
Бауыржан Нарбаев – 24 (1842)
66 кг
Ғұсман Қырғызбаев – 26 (1570)
Есет Қуанов – 49 (852)
73 кг
Жансай Смағұлов – 13 (2750)
Данияр Шамшаев – 22 (1839)
81 кг
Абылайхан Жұбаназар – 30 (1365)
Дидар Хамза – 22 (1910)
90 кг
Ерсұлтан Мұзаппаров – 41 (976)
-100 кг
Шархан Нұрлыхан – 26 (1672)
+100 кг
Әділ Оразбаев – 39 (946)
Ерасыл Қажыбаев – 42 (851)
Әйелдер:
48 кг
Әбиба Әбужақынова – 6-орын (4228 ұпай)
Ғалия Тынбаева – 37 (1154)
57 кг
Севара Нышанбаева – 32 (1462)
-78 кг
Аруна Жангелдина – 32 (1128)
+78 кг
Кәмила Берліқаш – 15 (2429)
Назгүл Маратова – 30 (1101).
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА