• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны ұтты (ФОТО)

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде төртінші рет жеңіске жетті.

    Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Финляндиядан жеңілгеннен кейін (0:1) Солтүстік Ирландия командасымен ойнап, 1:0 есебімен ұтты.

    Матчтың бірінші таймының 27-минутында Максим Самородовтың алыстан тепкен добы ойынның тағдырын шешті

    Осылайша, ұлттық құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің қыркүйек айындағы циклін аяқтады. Қазақстан ұлттық құрамасы келесі матчтарын сырт алаңда Дания мен Финляндияға қарсы өткізеді. Ойындар 14-ші қазаннан 15-ші қазанға қараған түні және 17 қазанда өтеді.

    Қазақстан – Солтүстік Ирландия – 1:0 (1:0)

    Гол: Самородов 27

    Ескертулер: Самородов 30, Тағыберген 73, Қуат 77, Досмағамбетов 87, Быстров 90, Астанов 90+8 (алаңда емес)  – Баллард 83, Макнейр 90+5, Томпсон 90+7, О’Нилл 90+8 (алаңда емес).

    Қазақстан: Шацкий (қ), Вороговский (Досмағамбетов 46), Әліп, Марочкин, Быстров, Тапалов (Малый 71), Тагыберген (к), Бейсебеков (Дарабаев 71), Зайнутдинов (Айымбетов 88), Оразов, Самородов (Қуат 56);

    Қосалқы құрам: Шайзада (в), Заруцкий (в), Ерланов, Малый, Қайыров, Скворцов, Досмағамбетов, Қуат, Дарабаев, Чесноков, Астанов, Айымбетов;

    Бас жаттықтырушы: Магомед Адиев;

    Солтүстік Ирландия: Пикок-Фаррелл (қ), Баллард, Эванс, Макнейр, Хам, Макканн (Магеннис 71), Сэвилл (Томпсон 46), Чарльз, Макменамин (Смит 46), Кеннеди (Джонс 63), Вашингтон (Чарльз 81).

    Қосалқы құрам: Саутвуд (қ), Хазард (қ), Тол, Спенсер, Смит, Прайс, Магеннис, Лайонс, Лэйн, Джонс, Чарльз;

    Бас жаттықтырушы: Майкл О’Нилл

    Төрешілер: Даниэль Шлагер, Лассе Козловски, Свен Вашицки, Мартин Петерсен (барлығы – Германия).

    VAR төрешілері: Тиаго Мартинш (Португалия), Роберт Шредер (Германия).

    10.09.2023. «Астана Арена» стадионы, Астана. 28 458 көрермен.

     

    ФОТО: Қазақстан футбол федерациясы

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *