• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бүгін біз намысқа тырысып ойнадық – Магомед АДИЕВ

    Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Солтүстік Ирландияға қарсы ойын туралы пікір білдірді.

    Бүгін мемлекет басшысы матчта болды. Ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, бізді құттықтады. Бұл, әрине, біз үшін үлкен мәртебе. Сәттілік тілеп, аздап ұрысты. Ол: «Жаттықтырушы, біз команданың физикалық дайындығын жақсартуымыз керек, — деді. Мен оны дұрыстауға уәде бердім.

    Тактикалық өзгерістер болды. Финляндияға қарсы Зайнутдинов шабуылға шығып ойнады. Бүгін біз шабуылдарды ұйымдастыру үшін оны артқа түсірдік. Сосын Қуат шыққан соң Бақтиер сәл шабуылға қарай ойнады.

    Команданың жағдайы мінсіз емес. Бүгін бұған тағы да көз жеткіздік. Ойынның соңы сәл нашарлау шықты.

    Финдермен үш ұпай алу керектігі бізге қысым болды. Ал бүгін біз одан бетер жігермен шықтық. Біз турнирлік жарысқа қайта оралғымыз келді. Менің ойымша, бұл біздің қолымыздан келді. Енді қиын сапарға дайындаламыз.

    Дания мен Финляндияға қарсы ойындарға дайындалу үшін біз Алматыға барып, табиғи көгалға бейімделеміз, — деді ол.

    Бүгін Қазақстан құрамасы Солт.стік Ирландия командасын 1:0 есебімен ұтты. Қазақстан ұлттық құрамасы келесі матчтарын сырт алаңда Дания мен Финляндияға қарсы өткізеді. Ойындар 14-ші қазаннан 15-ші қазанға қараған түні және 17 қазанда өтеді.

     

    Бағдат ҚАЛИЕВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *