• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram.com/angelina_lukas1997/

    Анжелика Лукас Таиландта қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

     

    Кәсіпқой боксшы Анжелика Лукас Таиландта кезекті жекпе-жегіне шығып, жергілікті боксшын Кадесара Джадпакдиді нокаутпен жеңді. Ол осымен аса жеңіл салмақтағы жетінші жеңісіне жетті.

    Осы жекпе-жектен кейін боксшы әлеуметтік желіде жеңісін Қазақстанға арнайтынын айтты.

    Бүгін мен кәсіби мансабымда жетінші рет жеңіске жеттім. Оған әрине, өте қуаныштымын. Осы жеңісімді сүйікті еліме арнаймын.

    Қазір менімен боксшылардың көбі жұдырықтасқысы келіспейді.

    Маған Бангкогта Кадесара Джадпакдиге қарсы жекпе-жек өткізуді ұсынған кезде ойланып қалғаным рас. Өйткені, қарсыласыма оның туған жерінде қарсы тұру оңай емес. Оның белгілі бір қаупі бар. Бірақ мен абсолютті әлем чемпионы болғым келетінімді айттым. Мен қарсыластарымды таңдамай, бәрін, тіпті өз жерінде де жеңуім керек. Кәсіпқой бокста әлсіз адам болмайды. Бір секундта бәрі өзгереді, бір соққы бәрін шешеді.

    Бұл мен үшін өте маңызды жеңіс болды. Мен тек нокаутпен немесе нокдаунмен жеңіске жетуім керек екенін білдім. Әйтпесе, жеңіс ешкімге берілмейді. Сондықтан мен женкпе-жекті көп созбай, қарсыласымды нокаутқа түсіріп,  жеңдім!

    Осы жеңісті еліме арнаймын. Мен қай кезде, қай жерде жүрсем де елімнің ыстық алақанын,  қолдауын сезінемін. Бәріңізге рахмет! Абсолютті әлем чемпионы титулын алуға да аз уақыт қалды. Алға!, — деді ол.

    Бұл жекпе-жекте Ангелина Лукас Кадесара Джадпакдиді уақытынан бұрын жеңді. Негізі жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған еді. Алайда рефери төртінші раундта айқасты тоқтатты.

    Лукастың қарсыласы да осал боксшы емес. Ол қазірге дейін кәсіпқой бокстың шаршы алаңында жеті рет жеңіске жеткен. Үш рет жеңілген. Осы жолы төртінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Angelina Lukas (@angelina_lukas1997)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *