• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Арқалықта ауыр атлет Гайдар Саржановты еске алу турнирі басталды

    Арқалықта Қазақстанның ауыр атлетикадан алты дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері Гайдар Саржановты еске түсіруге арналған екінші республикалық турнир басталды. Оған еліміздің жер-жерінен ат терлетіп келген спортшылар қатысып жатыр.

    Бүгін жеңіл салмақтағы бозбалалар мен қыздар помостқа шықса, ертең ауыр салмақтағы жігіттер мен бойжеткендер жарысқа қатысады.

    Осы турнир басталмас бұрын «Достар» мейрамханасында «Қайыңды» ауылынан шыққан спорт шеберін еске алу Асы берілді. Аста Гайдар ағамыздың туыстары, жора-жолдастары естеліктерін айтып, жерлесіне арнап құран бағыштады. Ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Осы жарысты ұйымдастырған туған-туыстарына Алла риза болсын!

    Гайдар Саржанов кезінде көптеген жарыстарда Олимпиада чемпионы Юрий Варданян мен басқа да зілтемірді оңай басынан асыратын мықты атлеттерді артта қалдырып бірінші орын алатын. Жарақатына байланысты спорттан ерте кетіп, жаттықтырушы болған. Енді қазір оның балалары, шəкірттері мен інісі Айдар Саржановтың ұлдары ағасының жолын жалғастырып келеді.

    Жарыс сəтті өтсін деп тілейік!

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АРҚАЛЫҚ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *