Сербияның астанасы – Белград қаласында бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталды. Әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысатын халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынайды. Турнир 17 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерацтясы.
Belgrade winner турниріне қатысатын Қазақстан боксшылары:
48 кг: Ернұр Қайрат
51 кг: Санжар Тәшкенбай
54 кг: Дәулет Молдашев
57 кг: Оразбек Асылкулов
60 кг: Бейбарыс Жексен
63,5 кг: Ерасыл Таңқай
71 кг: Сабыржан Аққалықов
75 кг: Диас Молжігітов
80 кг: Ерасыл Жакпеков
86 кг: Темірлан Мұқатаев
92 кг: Данияр Рахымбердинов
+91 кг: Олжас Боқаев
Жаттықтырушылар: Ғани Әшкеев, Талғатбек Жақпеков, Бағдат Оңғарбеков, Нұржан Насанов.