• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    ЧЕМПИОНАТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    Астанада мерекелік веложарыстар өтеді

    5 мамыр күні тас жолдағы веложарыстан екі бірдей жарыс өтеді. Алғашқысы Астананың 20 жылдығына арналған сынға 15-15 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысады. Ал екіншісі Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай 13-14 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында өтеді. Жалпы, жарыстарға 150-ге жуық қатысады делініп отыр.

    Бірінші жарыс Астана маңынан 20 шақырымда орналасқан Ильинка ауылында өтеді.

    6 мамыр күні жігіттер мен қыздар қала маңындағы айналма жолдағы Әуежай-Қарағанды тас жолында бақ сынасады. Мерекелік жарыстардың соңы 7 мамыр күні Ильинка ауылында болады.

    Бұл жарыс «Астана орманы» ЖШС-нің бастамасымен, Қазақстан велоспорты федерациясының қолдауымен алғаш рет өткелі отыр.

    «Астана орманы» ЖШС Қорғалжын тас жолынан бастап «Қарқаралы» шоссесіне дейінгі жол аралығында 23,2 шақырым жерге асфальт төселген веложол салған.

    «Астана орманы» ЖШС 2005 жылы елорданың жасыл белдеуін құруға және оны дамыту мақсатында ашылған кәсіпорын.

     Роза ЖҰМЕКЕНОВА,

     АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *