• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еуропалық Одақтың бизнес өкілдерімен кездесу

    Алматыда Еуроодақ агроазық-түлік кәсіпорындарының делегациялары  бас қосты. Қазақстан Орталық Азиядағы ЕО-ның негізгі серіктесі. Тығыз ынтымақтастық миссия ЕО-ның Қазақстандағы агроазық-түлік позицияларын нығайтуға бағытталған.

    Бұл өз кезегінде Қазақстандағы агросаланың дамуына ғана емес, Орталық Азиядағы басқа елдерге де оң әсер етіп, ЕО-ның агроазық-түлік тауарын экспорттаушыларға аймақты кеңейтуге көмектеседі. Осыған байланысты ЕО агроазық-түлік кәсіпорындарының Еуропалық делегациясымен қазақстандық кәсіпкерлер кездесіп, әңгіме дүкен құрды. Бизнес – делегация құрамына еуропалық азық-түлік секторының өндірушілері мен ұйымдарының 40-тан астам өкілі кіреді.

    Олар тамақ пен сусындардың кең ауқымын ұсынады. Мысалы, жан-жануарлардан алынатын өнім; шараптар мен спиртті ішімдіктер; жемістер, көкөністер, тұқымдар; географиялық көрсеткіштері қорғалатын органикалық өнімдер мен арнайы өнімдер. Осы орайда біз Еуропадан келген азық-түлік түрлерінің көрмесін аралап көрдік. Ирландия мен Италия вискилары, Греция, Португалия шараптары, француз конъяктары, Венгрия крекерлері, Финляндия кәмпиттері, Нидерланд таңқурайы, Чехияның көкөніс қосылған қалбырдағы паштеттері Польшаның ұнтақ түріндегі сарысулары және т.б. Қарап тұрсақ, азық-түліктің көптеген өнімдері біздің елімізде де шығарылады. Тек өзгешілігі, шыны ыдыстардың әрқилылығы, салынған суреттердің ерекше сипаттарында, ең бастысы дәмінде болса керек. Шара аясында қазақстандық кәсіпкерлермен де сөйлесіп қалдық. «Алған әсеріңіз қалай?» деп сауал қойдық.

    «Әрине, ет өнімдері өзімізде де бар. Бізді қызықтыратын Еуропа елдерінің технологиясы. Мәдени алмасу да маңызды. Азық-түлік пен тағамның түр-түрімен таныстық. Дастархандағы өнімдердің сапасына да баса назар аударатын уақыт жетті. Әрине, сапасы, қауіпсіздігі, төл тумалығы маңызды», – дейді Алматы облысының Қаскелең қаласынан келген кәсіпкер Қамар Management.

    Мені импорт – экспорт компанияларының мал сою әдістері, етті суыту, қатыру, кесу, сәнді етіп орау тәсілдері қызықтырады. Осыны айтқан Алматы қаласының кәсіпкеріт Олжас Оспанжанов шамамен 300-500 грамм түрінде бөлшектеліп қатырылған ет тағамдарына назарымызды аударды. Осыдан кейін Қазақстаннан серіктес іздеп келген шетелдік кәсіпкерлердің де әңгімесін тыңдадық. «Ең үздік әрі аса танымал өнімдерді Қазақстанда насихаттау, тарату үшін серіктестер іздеудеміз, – деді Италиядан шарап өнімдерінің түр-түрін қазақстандық кәсіпкерлерге көрсету үшін алып келген бизнесмен Карло Печчели.

    Осыдан кейін шарап дайындау үшін жеміс-жидектерді теру, сұрыптау, кептіру барысындағы үрдістерді жіпке тізгендей етіп айтып шықты.

     

    Салтанат ҚАЖЫКЕН,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *