• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    uefa.com

    Футболдан Еуропа чемпионаты көрсетілімінің ойын кестесі шықты

    Qazaqstan телеарнасында футболдан Германияда өтетін Еуропа чемпионаты көрсетілімінің кестесі шықты.

    Құрлықтық чемпионаттың матчтары тікелей эфирде Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан көрсетіледі. Сонымен бірге Еуропа стадиондарында чемпионат аяқталғанға дейін екі арнаның арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді.

    ЕURO-2024 турниріне 51 елдің ұлттық құрама командалар жолдама алған. Олар алты топқа бөлініп, ойнайды.

    А тобы: Германия, Шотландия, Мажарстан, Швейцария.
    B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.
    С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.
    D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.
    E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина
    F тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.

    Чемпионаттың ашылу салтанаты 14 маусымда Астана уақытымен сағат 23:40-та Мюнхень қаласындағы «Альянц Арена» стадионында басталады. Осы жерде жарыс ресми түрде ашылғаннан кейін Германия мен Шотландия елдерінің ұлттық құрама командалары алаңға шығады.

    Финал 14 шілдеде Берлин қаласындағы Олимпиаштадионда болады.

    Ал топтық кезеңнің ойындары 14-26 маусым аралығына жоспарланған. Топтық кезеңнің матчтары Астана уақытымен сағат кешкі 18:00, 21:00, 00:00–де басталады.

    Құрлықтық додада 29 маусым-2 шілде аралығында 1/8 финалдың матчтары болса, 5-6 шілдеде ¼, 9-10 шілдеде ½ финалға шыққан командалар бақ сынайды. Финал жоғарыда атап өткеніміздей, 14 шілдеге белгіленген.

    Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Дания (3:2) мен Финляндия (1:0) командаларын бір рет жеңсе, Солтүстік Ирландия (1:0, 1:0) мен Сан-Марино (3:0, 3:1) елдерінің құрамаларын екі рет жеңді. Ал Даниядан 1:3, Словениядан 1:2, Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілді.

    Одан кейін Ұлттар лигасының С тобында алған бірінші орынмен іріктеу турнирінің плей-офф кезеңіне шығып, 21 наурызда жартылай финалда сырт алаңда Грекиядан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *